Алматы қаласында 2023 жылғы 13-15 наурыздан бастап Республикалық физика-математика мектебі базасында 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған Қашықтан XXXV Азия-Тынық мұхиты математикадан халықаралық олимпиадасы өтті.
Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық ғылыми және білім беру байланыстарын дамыту мақсатында өткізіледі.
Оған 38 елдің дарынды оқушылары қатысады: Аргентина, Австралия, Канада, Гонконг, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, Тәжікстан, Түрікменстан, АҚШ, Түркия және т. б. Қазақстаннан 157 оқушы - республикалық олимпиаданың «Математика» пәні бойынша облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады.
Ақмола облысын келесі қатысушылар ҰСЫНАДЫ:
1.Сейтбаттал Темірлан – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
2. Бахытбек Ахмедияр – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
3.Мереке Закария – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;
4.Калелов Дарын – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;
5.Сағат Жәңгір – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей –интернатының 11-сынып оқушысы, Степногорск қаласы;
6. Ревера Роман – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейінің 11-сынып оқушысы.