АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қорытынды кезеңіне қатысу қорытындылары туралы

13.04.2023

2023 жылғы 3-7 сәуір аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы, Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлануына байланысты, онлайн форматында Google Meet платформасында өтті.

         Ғылыми конкурстың мақсаты: оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, неғұрлым талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу және қолдау, Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

         Конкурстың қорытынды республикалық кезеңіне 19 секция бойынша – 718 жобамен 905 оқушы (оның 187 топтық жобамен 374 оқушы), оның ішінде ауылдық елді мекендерден 87 оқушы қатысты.

         Конкурстың әрбір секциясы жобаларды алдын ала жоспарланған кесте бойынша белгілі бір уақытта, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша - 4 сәуір күні, жаратылыстану – математикалық бағыттағы пәндер бойынша 5 - 6 сәуір күндері қорғайды.

         Қатысушылардың жобаларын қорғау орны - жергілікті білім беру ұйымдары.

         Қазылар алқасының шешімімен қорытынды кезеңнің 484 жеңімпазы мен жүлдегері анықталды (қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бойынша - 170, жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндер бойынша - 314). Оның ішінде І дәрежелі диплом мен алтын медальға 92 қатысушы (77 жоба), ІІ дәрежелі диплом мен күміс медальға 154 қатысушы           (114 жоба), ІІІ дәрежелі диплом мен қола медальға 238 қатысушы (188 жоба)  ие болды. Сонымен қатар, «Дарын» РҒПО-ның грамоталарымен 98 қатысушы (78 жоба)  марапатталды.

Еліміздің жоғары оқу орындарының ректорлары, яғни Алматы Менеджмент Университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, АҚ «Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеттері 23 ректорлық білім гранттарын бөліп, дарынды балаларға қолдау көрсетті.

Конкурс нәтижелері бойынша, қазылар алқасы мүшелерінің шешімімен, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша математика, химия, информатика секцияларынан 3 үздік жоба Дүниежүзілік Ғылым және техника көрмесі Regeneron ISEF-2023 (АҚШ) Қазақстанның атынан ұсынылатын болады, онда әлемнің түкпір-түкпірінен келген оқушылардың зерттеу жобаларының ең үздік өнертабыстары ұсынылған.

         Ақмола облысынан 24 оқушы мен 22 жобамен қатысты.

         Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша (жаратылыстану-математикалық бағыт және қоғамдық-гуманитарлық бағыт) - І орын-3, ІІ орын-2, ІІІ орын-8, грамота-5.

         Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша (жаратылыстану-математикалық бағыт) - І орын-1, ІІ орын-1, ІІІ орын-6, грамота-1:

І-орын дәрежелі диплом иегері:

1.Ким Камила - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығы секциясы бойынша, "Саморазлагаемый биоматериал из чешуи рыб";

ІІ-орын дәрежелі диплом иегері:

1. Хлубный Роман - Iqanat High School of Burabay 11-сынып оқушысы, техника секциясы бойынша, "Dog-Tor";

ІІІ-орын дәрежелі диплом иегерлері:

1.Абжанова Махаббат - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, "Ашыған сүт өнімдерінің қоректік құндылығын арттыру үшін қоспаларды әзірлеу";

2.Тлеуғабыл Сабина - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, "Ашыған сүт өнімдерінің қоректік құндылығын арттыру үшін қоспаларды әзірлеу".

3.Потапова Милана - Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, биология секциясы бойынша, "Влияние уровня развития мелкой моторики на мыслительные процессы первоклассников";

4.Кожахметова Айгерим - Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, "Silybum marianum атты өсімдіктің пайдалы және емдік қасиеттерін зерттеу"

5. Хусайн Шахизат - Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы, физика секциясы бойынша, "Жоғары биіктіктегі жел генераторы";

6. Адилбеккызы Аружан - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы,Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, биология секциясы бойынша, "Зеренді көліндегі кездесетін балық түрлері және оны өсіру жағдайлары";

Грамота иегері:

1.Тлеулин Нуртас - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, химия секциясы бойынша, "Суды залалсыздандыру мен тазалаудың заманауи әдістерін қолдану".

Қорытынды кезеңнің нәтижесі бойынша (қоғамдық-гуманитарлық бағыт) - І орын-2, ІІ орын-1, ІІІ орын-2, грамота-4.

І-орын дәрежелі диплом иегерлері:

1. Жылқыбай Айсара - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, тарих секциясы бойынша, "Солтүстік өңірдегі ашаршылық зұлмат ақиқаты (Төлеген Қажыбаевтың «Қан кешу повесі»)";

2. Батталова Айсара - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 9-сынып оқушысы, тіл білім (ағылш) секциясы бойынша, "Let's learn English through fairy tales";

ІІ-орын дәрежелі диплом иегері:

1. Ракишева Айым - Ақмола облысы білім басқармасының Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы, тіл білімі (қаз) секциясы бойынша, "Орта ғасыр түркі тілі мен қазіргі қазақ тіліндегі адамзат және хайуанаттар әлеміне қатысты ортақ лексикалық тұлғалар";

ІІІ-орын дәрежелі диплом иегерлері:

1. Корниенко Ульяна - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық-лицейінің 10-сынып оқушысы, тіл білімі (орыс) секциясы бойынша, "Роль союза и в названии литературных произведений";

2. Гомзикова Дарья - Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, әдебиет (орыс) секциясы бойынша, "Жанр фэнтези в современной казахстанской литературе";

Грамота иегерлері:

1. Мазурок Анастасия - Ақмола облысы білім басқармасының Шортанды ауданы бойынша білім бөлімі Бектау ауылының жалпы орта білім беретің мектебінің 10-сынып оқушысы, тарих секциясы бойынша, "Семь чудес Бектауского сельского округа";

2. Азат Альбина - Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 8 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, этномәдениеттану секциясы бойынша, ""Қымызмұрындық" дәстүрін насихаттау";

3. Нұрғамиден Индира - Ақмола облысы білім басқармасының Жақсы ауданы бойынша білім бөлімі Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, өлкетану секциясы бойынша, "Жақсы ауылында желден электр өндіру мүмкіншілік-тері";

4. Нурмагамбетова Кымбат - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы, құқық негіздері секциясы бойынша, "Аппараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және компьютерлік қылмыстылыққа қарсы тұру саясаты".

         Cіздерді шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер мен жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 207


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст