АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

ХІІІ «Махамбет оқулары» облыстық байқауын қорытындылары туралы

13.04.2023

Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2023 жылғы 9-11 сәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында ХІІІ «Махамбет оқулары» облыстық байқауын өткізді.

Байқаудың негізгі мақсаты:

- ақынның шығармашылық мұрасымен таныстыру және оны оқушылар арасында насихаттау, қатысушылардың өздері жазған әдеби шығармалардың өсуіне ықпал ету;

- оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын дамыту, ақын поэзиясының рухани мұрасына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, тарихи мұраны қалыптастыру.

Байқауға Ақмола облысының 17 ауданынан, Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалаларынан және дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан 41 оқушы қатысты.

Конкурс 3 номинация бойынша өткізілді.

1) «Ел құтқарар едім»

2) «Тартынбай сөйлер асылмын...»

3) «Ұлы арман»

Облыстық байқаудың қорытындысы бойынша18 жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ақмола облысы білім басқармасының дипломдарымен, сыйлықтарымен және медальдарымен  марапатталды: І-3, ІІ-6, ІІІ-9, грамота-4.

I дәрежелі  дипломмен марапатталады:

1. «Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Темертас Жансұлу - Бурабай ауданы, Қарабұлақ ауылының негізгі орта мектебінің  9-сынып оқушысы;

2. «Тартынбай сөйлер асылмын…» номинациясы бойынша Умирхан Мехмет       -Атбасар ауданы, Бастау ауылының №2 жалпы білім беретін орта мектебінің 8-сынып оқушысы;

3. «Ұлы арман» номинациясы бойынша Азаматұлы Әмірәли - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 8-сынып оқушысы. 

IІ дәрежелі  дипломмен марапатталады:

1.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Муратбек Шұғыла-Ақкөл ауданы, Саздыбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

2.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Әділбек Нұрғиса - Жақсы ауданы, Лозовое ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3.«Тартынбай сөйлер асылмын…» номинациясы бойынша Маралбек Нұрай - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

4.«Тартынбай сөйлер асылмын…» номинациясы бойынша Манапов Қымбат -Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

5.«Ұлы арман номинациясы бойынша Қазымбек Ұлан - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;

6."Ұлы арман" номинациясы бойынша Көкіш Айдос - Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

IІІ дәрежелі  дипломмен марапатталады:

1.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Ильяс Мадина - Көкшетау қаласы, № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Қазкен Аруна - Степногорск  қаласы, Бестөбе кенті  №1жалпы орта білім беру мектебінің 8-сынып оқушысы;

3.«Ел құтқарар ер едім» номинациясы бойынша Тоғайбай Аяна         - Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп -лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

4.«Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясы бойынша Айвек Еркеғали- Аршалы ауданы, Сарыоба ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

5.«Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясы бойынша Қалиева Жұлдыз-Бурабай ауданы, Есмағамбет Исмаилов атындағы Мәдениет ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

6.«Тартынбай сөйлер асылмын» номинациясы бойынша Сәкенұлы Сүлеймен - Қосшы қаласы, Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

7.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Ақтай Нұрсаид - Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

8.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Жалғасов Арнұр  - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің  9-сынып оқушысы;

9.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Исламбекова Аружан - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталады:

1.«Ел құтқарар, ер едім» номинациясы бойынша  Қали Димаш -         Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;

2. «Ел құтқарар, ер едім» номинациясы бойынша Кеңшілік Алтын-Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3. «Тартынбай сөйлер асылмын…» номинациясы бойынша Рамазан Айым - Астрахан ауданы, Өндіріс ауылының   жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

4.«Ұлы арман» номинациясы бойынша Болат Айым - Қорғалжын ауданы, Карегін ауылының Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы.

Жүлделі орындарға ие болған жеңімпаздарды мен жүлдегерлер құттықтаймыз және алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 162


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст