Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы ұлттық кодты жаңғырту идеясын жүзеге асыру мақсатында және ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойының қарсаңында Абай атындағы республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп-интернатының ұйымдастыруымен 2020 жылдың 21-23 қаңтар аралығында Алматы қаласындағы аталған орта мектеп-интернатта жалпы білім беру ұйымдарының 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен Абай атындағы ІІ республикалық олимпиадасы өткізілді.
Ережеге сәйкес олимпиада 2 айналымнан тұрды:
1 айналым – Абайдың қара сөздерімен поэзия түрінде эссе жазу;
2 айналым – Абай өмірі мен шығармашылығы жайында, М.Әуезовтің «Абай жолы» романынан алынған үзіндінің мазмұнын жалғастыру.
Аталмыш олимпиадаға Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты. Олар:
Аталмыш олимпиаданың қорытындысы нәтижесінде Іңкәрқызы Жансая ІІІ дәрежелі дипломмен, Алмаханова Айдана грамотамен және қалған оқушылар алғыс хаттармен марапатталды.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз. Сондай-ақ, барша қазақ халқын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз.