АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың IV кезеңінің қорытындысы

25.04.2023

2023 жылғы 17-21 сәуір аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Ақмола облысының намысын 33 дарынды оқушы қорғады.

Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиада классикалық олимпиадалық тапсырмалар түрінде екі турда қашықтан өткізілді.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 9 пән бойынша: қазақ тілі және әдебиеті, орыс мектептеріндегі қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті, қазақ мектептеріндегі орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.

Олимпиаданың ашықтығы және академиялық адалдығын сақтау мақсатында өткізу процесі онлайн трансляциямен қамтамасыз етілді, сондай-ақ олимпиаданы өткізу және қадағалау үшін аймақтарда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мен «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының жауапты қызметкерлері болды.

Олимпиаданың хаттамалары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сайтында жарияланды.

Олимпиаданың бірінші туры 18 сәуірде өтті.

Олимпиаданың екінші туры 20 сәуірде өтті.

Апелляция 21 сәуірде өтті.

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы олимпиаданың өткізу қорытындысы бойынша-10 жүлдегер: ІІ орын-3; ІІІ орын-7; грамота-7.

ІІ-дәрежелі диплом иегерлері:

1. Асылхан Амирали – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәні бойынша;

2. Ерназар Еркежан – Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, ағылшын тілі пәні бойынша;

3. Дулатова Алуа – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша.

ІІІ-дәрежелі диплом иегерлері:

1. Корниенко Ульяна – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейінің 10-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

2. Чегодаев Ярослав – Ақмола облысы білім басқармасының  Жарқайың ауданы бойынша білім бөлімі Державин қаласының  Надежда Крупская атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

3. Эйсмонт Елизавета –  Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейінің 11-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

4. Джанкабулова Камила – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша;

5. Бут Ангелина – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы, неміс тілі пәні бойынша;

6. Балмуханова Алина – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, неміс тілі пәні бойынша;

7. Газдиев Хусен – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының техникалық лицейінің 10-сынып оқушысы, құқық негіздері пәні бойынша.

Грамота иегерлері:

1. Доғдырбай Жансая – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының әл-Фараби атындағы IT лицейінің 10-сынып оқушысы, француз тілі пәні бойынша;

2. Мазур Анастасия – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №13 «ЭКОС» мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

3. Муратбек Шұғыла - Ақмола облысы бiлiм басқармасының Ақкөл ауданы бойынша бiлiм белiмi Саздыбұлақ ауылыньң жалпы орта бiлiм беретiн мектебінің 11-сынып оқушысы, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша;

4. Багдат Данияр – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша;

5. Абилова Арайлым – Ақмола облысы білім басқармасының "Астана қаласы,  № 2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, құқық негіздері пәні бойынша;

 

6. Сарсенбаева Айганым – Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша;

7. Серикбай Анель  – Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 11-сынып оқушысы, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі пәні бойынша.

Ақмола командасын шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз!!!

Просмотров: 235


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст