2023 жылғы 24-28 сәуір аралығында Бішкек қаласында Исхак Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университетінің базасында «Біз-ХХІ ғасырдың зиялыларымыз» ғылыми-зерттеу жобаларының ХХV халықаралық форумы өтті. Халықаралық форумды Қырғыз Республикасының Білім және ғылым министрлігі және Қырғызстанның оқушы жастарына ғылыми-техникалық білім беруді дамыту үшін «Алтын тұйын» ұлттық балалар инженерлік-техникалық академиясы ұйымдастырды.
Қырғыз Республикасы Президентінің «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында форумның салтанатты ашылуы өтті. Биыл оған Қырғыз Республикасының барлық өңірлерінен; Ресей Федерациясынан: Липецк, Омбы, Кемерово облыстарынан, Ставрополь өлкесінен, Саха республикасынан (Якутия), Мәскеу, Томск, Қазан, Омбы және Екатеринбург қалаларынан; Қазақстан Республикасынан: Астана, Алматы қалаларынан және Ақмола облысынан, сондай-ақ, Б. Ельцин ат. Қырғыз-Ресей Славян университетінің, И. Раззаков ат. Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті, Томск мемлекеттік басқару және радиоэлектроника жүйелері университеті, И. Бийбосунов ат. Қаракөл педагогикалық колледжі, Қ. Тыныстанов ат. Ыстықкөл Мемлекеттік Университеті, және Жалал-Абад мемлекеттік университетінің студенттері қатысты.
Жобаларды қорғау 6 номинация бойынша өтті:
1.Жаңа теориялық әзірлемелер мен модельдер;
2. Аспаптар, радио жабдықтар және телекоммуникациялық жүйелер;
3. Энергия және энергияны үнемдейтін технологиялар;
4. Ақпараттық технологиялар және бағдарламалау;
5. Робототехника және автоматтандырылған технологиялар;
6.Стендтік модельдер.
Ақмола облысынан Бұланды ауданының «SMARTBLOCK» командасы, 2022-2023 оқу жылының ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің І-дәрежелі дипломының иегерлері «Жаңа теориялық әзірлемелер мен модельдер» секциясына Максим Журавлёв және Асанали Ашимов - Бұланды ауданы Никольское ауылының № 2 жалпы білім беретін мектебінің 8-сынып оқушылары «Қол генераторы» атты жобамен қатысты.
Халықаралық форумның қорытындысы бойынша Максим Журавлёв пен Асанали Ашимов ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Шын жүректен марапаттарымен құттықтаймыз және сәттілік пен жаңа ғылыми жетістіктер тілейміз!!!