Ақмола облысы білім басқармасының дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы 2023 жылғы 11-12 мамыр аралығында Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 7 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында жалпы білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында I облыстық «Ілияс Есенберлин» байқауы өтті.
Ілияс Есенберлин байқауының негізгі мақсаты қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының классикалық әдебиттерді оқуға деген қызығушылықтарын арттыру.
Ілияс Есенберлин байқауының негізгі міндеттері жазушының шығармаларындағы эстетикалық талғам мен тұлғалық қасиетті насихаттау, ұлттың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Облыстық байқауға Атбасар, Бұланды, Біржан сал, Жарқайын, Зеренді, Целиноград, Шортанды аудандары мен Қосшы қалаласы мен Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатынан барлығы 19 оқушы қатысты.
Байқау екі айналым бойынша өткізілді. I айналым тест тапсырды.
Екінші айналым бойынша «Ілияс Есенберлин» байқауы 3 номинация бойынша өткізілді.
1) «Тарихтың көркем суреткері» - эссе жазу номинациясы
2) «Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» - Ілияс Есенберлин шығармаларынан үзінді оқу номинациясы
3) «І. Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» - Ілияс Есенберлин еңбектері бойынша шығармашылық зерттеу жұмысы
Байқауының қорытындысы бойынша I-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
1. «Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Әділбай Ақбаян - Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;
2.«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Капбасова Алуа - Зеренді ауданы, Ортақ ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
3.«І. Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Тұрағал Дінмұхамед - Жарқайың ауданы, Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
Байқауының қорытындысы бойынша IІ-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
1.«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Мусаева Ақбота - Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
2.«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Тасқынбай Айжан - Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
3.«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Амангелді Мерей - Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
4.«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Буркитхан Жанмарал - Біржан сал ауданы, Алға ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
5.«І. Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Булатова Дариға - Біржан сал ауданы, Алға ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы;
Байқауының қорытындысы бойынша IІІ-дәрежелі дипломмен марапатталған оқушылар:
1.«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Саят Жаннұр - Атбасар қаласының №7 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып сынып оқушысы;
2.«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Айтмуханбетова Аянат - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы;
3.«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Жұмақанова Айдана - Жарқайың ауданы, Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
4.«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Нұрболат Мақпал - Атбасар ауданы, Бастау ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
5.«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Джумабаева Дариға - Бұланды ауданы, Балуан Шолақ атындағы мектеп – лицейінің 11-сынып оқушысы;
6.«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Сүндетбай Лаура - Шортанды ауданы, Бозайғыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
7.«І. Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Қуанышұлы Әбілмансұр - Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы;
Байқауының қорытындысы бойынша грамотамен марапатталған оқушылар:
1.«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Уразова Айдана - Біржан сал ауданы, Степняк қаласының Абай атындағы №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы;
2.«Тарихтың көркем суреткері» номинациясы бойынша Әмірсейт Жанна - Целиноград ауданы, Қажымұқан ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
3.«Жазушының көркемдік әлеміне бойласақ...» номинациясы бойынша Қайсар Ақмаржан - Целиноград ауданы, Жаңаесіл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
4.«І. Есенберлин шығармаларының тақырыптық-идеялық жүйесі» номинациясы бойынша Арысбай Айда - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы.
Шын жүректен құттықтаймыз және шығармашылық табыс тілейміз!!!