2023 жылғы 29 сәуір - 16 мамыр аралығында онлайн режимде жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары, Ресей Федерациясының орта және жоғары кәсіптік оқу орындарының студенттері және шет мемлекеттердің оқу орындарының тиісті сыныптары (курстары) арасында ғылыми жобалары бойынша XVII халықаралық конкурсы «Математика және жобалау» өтті. Байқаудың үйлестірушісі-дарынды балалармен жұмыс істейтін мұғалімдер қауымдастығы (APROD).
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- оқушылардың математикаға, зерттеу және жобалау қызметіне қызығушылығын дамыту;
- дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау;
- математика және информатика мұғалімдерінің біліктілігін арттыру
- математика және информатика бойынша сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру;
- оқушылар мен мұғалімдердің ақпараттық - коммуникациялық құзыреттіліктерін дамыту.
Ақмола облысынан 8 оқушы қатысты.
Конкурс қорытындысы бойынша:
1. Күміс медаль иегері - «Теорема Пифагора в практических задачах» жобасымен «Геометриялық миниатюралар» секциясы бойынша - Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің Атбасар қаласының № 2 жалпы білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Акаев Мансур.
2. Қола медаль иегерлері - «Математика в жизни моего села» тақырыбында командалық жоба «Табиғат пен қоғамдағы нақты процестердің математикалық модельдері» секциясы бойынша - Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің Ақмола ауылы жалпы білім беретін мектебінің 9 сынып оқушылары Блажко Михаил мен Меркулова Екатерина.
Шын жүректен құттықтаймыз және математика ғылымдарының жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!