АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының халықаралық, республикалық зияткерлік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен салтанатты кездесуі «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ-ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ»

29.05.2023

2023 жылғы 19 мамыр күні Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы «Bolashaq saraiy» оқушылар мен жасөспірімдер сарайы базасында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлының «ДАРЫНДЫ ОҚУШЫ – ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты  халықаралық, республикалық  зияткерлік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен салтанатты кездесуі өтті.

Салтанатты кездесуді Ақмола облысының білім басқармасы, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды.

Ақмола облысының білім басқармасы қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі-зияткерлік әлеуетті қалыптастыру, Қазақстанның болашақ ғылыми элитасын тәрбиелеу, дарынды балаларды қолдау және көтермелеу.

Зияткерлік олимпиадалар мен байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін жыл сайынғы дәстүрлі құрмет көрсету рәсіміне 9-11 сыныптарының 66 оқушысы – республикалық, халықаралық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері  қатысты.

Биыл Ақмола облысының оқушылары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Олардың арасында ерекшеленгендердің есімдері әртүрлі деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері ретінде бірнеше рет айтылды.

2022-2023 оқу жылында халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға 32 оқушы қатысып, олардың 9-ы жүлделі орындарға ие болды: 1 күміс және 6 қола медаль.

Республикалық іс-шараларға барлығы 284 оқушы қатысып, 89 жүлделі орынға ие болды, оның ішінде 3 Гран-при, 15 алтын, 20 күміс, 51 қола медаль және 21 грамота.

Облыстық іс-шараларға барлығы 2663 оқушы қатысып, 1032 жүлдегер анықталды, оның ішінде алтын -204 ,  күміс -312,  қола -516, грамота-156.

Дарынды оқушылар алдында Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Оразалин Шоқан Жетпісбайұлы сөз сөйлеп, өзінің құттықтау сөзінде Қазақстандық ғылымды дамытудың маңыздылығын атап өтіп, оның болашағы Сіздердің қолдарыңызда екенін айтты. 2022-2023 оқу жылының болашақ түлектеріне жүгініп, Қазақстанның лайықты азаматы болуды және табысты кәсіби жолды таңдауды тілеп, құттықтады.

Дәстүрлі жыл сайынғы құрмет көрсету рәсімінде 9-11 сынып оқушыларының зияткерлік республикалық, халықаралық олимпиадалары мен ғылыми жарыстарының 66 жеңімпазы мен жүлдегерлері ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың алтын медальдарының 18 иегеріне 100 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді.

Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың күміс медальдарының 10 иегеріне 80 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді.

Республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың қола медальдарының 38 иегеріне 50 000 теңге сомасында ақшалай сертификат табыс етілді.

Ақмола облысының олимпиадалық білім беру элитасының ата-аналары мен дайындаған мұғалімдері алғыс хаттармен марапатталды.

Кездесуде көпсалалы облыстық аурухананың хирургия бөлімшесінің хирург-дәрігері, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің шетелдік студенттеріне арналған ағылшын тіліндегі хирургия оқытушысы, олимпиада жүлдегері, Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының түлегі Қабдрашитов Жамбыл Дулатұлы қатысушыларға білім беру олимпиадалары мен ғылыми жарыстарда одан әрі табыстар мен жаңа жеңістер тілей отырып құттықтау сөз сөйледі.

Дарынды оқушылар атынан әр түрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалардың жүлдегері Аружан Әділбекқызы - Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы сөз сөйлеп, ата-аналарына, мұғалімдеріне олимпиадаларға дайындығы мен қолдауы үшін алғыс айтып, өңір оқушыларын олимпиадалар мен ғылыми жарыстарға қатысуға шақырды.

2022-2023 оқу жылындағы республикалық және халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін шын жүректен құттықтаймыз және оларға жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 738


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст