АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі бойынша қорытынды ақпарат

29.05.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы» базасында 2023 жылдың 25-26 мамыр күндері жалпы білім беру оқу орындары оқушыларының арасында онлайн форматта «Мағжан оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілді.

Байқаудың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың мұрасын жас ұрпаққа насихаттау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

 «Мағжан оқулары» байқауына Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Біржан сал, Ерейментау, Жарқайың, Жақсы,  Қорғалжын, Шортанды аудандары, Қосшы,  Степногорск қалалары,  Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты, Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты және Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатынан 28 оқушы қатысты.

 «Мағжан оқулары» 3 номинация бойынша өткізілді:

I номинация - «Өлең – менің Шолпаным, Айым Күнім» - Мағжан шығармаларын жатқа оқу;

II номинация - «Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы;

III номинация - «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) байқауы.

         «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша келесі қатысушылар марапатталды:

1.Мұқыш Жанболат - Жарқайың ауданы, Кең ауылының негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы – I орын;

2.Каден Айдана - Аршалы ауданы, Абай атындағы Бұлақсай ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – II орын;

3.Ермұрат Айниса - Біржан сал ауданы, Мамай ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы – II орын;

4.Туленов Алдияр - Бұланды ауданы, Тоқтамыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – III орын;

5.Қарқынқызы Назерке - Қосшы қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы –  III орын;

6.Сайран Гүлназ - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы – III орын;

7.Курманбекова Ұлжан - Қорғалжын ауданы, Арықты ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – грамота;

8.Алимханова Балжан - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – грамота;

9.Алдаберген Дәулеткерей - Степногорск қаласы, Қырық құдық ауылы жалпы орта білім беретін   мектебінің 8-сынып оқушысы – грамота;

10.Бериккалиева Аружан - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы – грамота.

«Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» - жас дарындар (өз шығармаларын орындау) номинациясы бойынша келесі жүлдегерлер анықталды:

1.Кабдуллин Мадияр - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының № 9 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушысы – I орын;

2.Шарипов Абай - Жарқайың ауданы, Державин қаласының А.Үкібаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы – II орын;

3.Қазымбек Ұлан - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – II орын;

4.Мұғаз Ризаби - Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта біілм беретін мектебінің 9-сынып оқушысы – III орын;

5.Ахметова Сабина     -   Степногорск қаласы, Бестөбе  кентінің №2 жалпы орта білім беретін   мектебінің 9-сынып оқушысы – III орын;

6.Әбдрайым Әлайдар - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы – III орын;

7.Карбаева Аружан - Қорғалжын ауданы, Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысыт– грамота;

8.Көкіш Айдос - Шортанды ауданы, Бозайғыр  ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы – грамота;

9.Қабибулла Абылайхан - Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 8-сынып оқушысы – грамота.

«Жасынан оқу оқып, өнер куған...» - ғылыми жоба жұмысы номинациясы бойынша жүлделі орындарға ие болған оқушылар:

1.Шайзанхан Әсем      - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – I орын;

2.Кусаинова Айымгүл - Көкшетау қаласы, Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы – II орын;

3.Байдолла Аризат     - Щучинск қаласының «Білім-инновация» ІТ лицей-интернатының 9-сынып оқушысы – II орын;

4.Бариев Рамазан - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы – III орын;

5.Дюсек Назым - Ерейментау  ауданы, Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы – III орын;

6.Нарбутина Айсулу - Жақсы ауданы,Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы – III орын;

7.Рашадинова Назерке - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы – грамота.

Мағжан оқулары байқауының I орын жүлдегерлері республикалық кезеңге жолдама алды. Байқау жеңімпаздарына сәттілік тілейміз!!!

Просмотров: 722


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст