АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Дарынды балалармен жұмыс: жетілдіру және ынталандыру» тақырыбында мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған семинар-кеңес

29.05.2023

2023 жылғы 25 мамыр күні Астана қаласында №2 «Дарын» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының базасында «Дарынды балалармен жұмыс: жетілдіру және ынталандыру» тақырыбында семинар-кеңес өткізілді.

Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға дайындық бойынша дарынды оқушылармен жұмыс тәжірибесімен Ақмола облысының мамандандырылған ұйымдарының директорлары, директорлардың оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытатын педагогтар таныстырылды.

Семинар - кеңеске қатысушылар 7-11 сынып оқушыларына арналған математика, физика, химия, биология, география пәндерінен ашық интеграцияланған сабақтарға қатысты.

Семинар барысында дарынды балалармен мамандандырылған мектептің жұмыс тәжірибесі көрсетілді, тәрбие жұмысының әдістемесі (балалар мектеп ұйымы, театр студиясы, домбырада ойнау үйірмесі), сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен жұмыс көрсетілді.

Семинар соңында қатысушылар дарынды оқушыларды дайындау бойынша пікір алмасып, осындай семинарларды өткізудің өзектілігі мен қажеттілігін атап өтті. Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Просмотров: 715


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст