Олимпиада қашықтан онлайн режимде www.games.daryn.kz Платформасында ағымдағы жылдың 30-31 мамыр күндері сағат 9:00-ден 23:00-ге дейін (Астана қ. уақыты бойынша), қатысушыға ыңғайлы кез келген уақытта өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың ел тарихы туралы білім деңгейін арттыру және ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуге ықпал ету.
Қатысушылар Платформаға жеке кабинетіне кіріп, Олимпиадаға қатысуын растауы керек. Жеке кабинеті болмаған жағдайда, қатысушылар ең алдымен Платформада тіркелу қажет. Платформаға тіркелу және Олимпиадаға қатысуды растау ағымдағы жылдың 18-28 мамыр аралығында сағат 9:00-ден 23:55-ке дейін (Астана қ. уақыты бойынша) қолжетімді болады.
Жеке кабинетте қатысуын растамаса, Олимпиадаға қатысуға жол берілмеді.
5-9 сынып оқушылары арасында өтетін республикалық «Тарих ата» олимпиадасына қатысу үшін www.games.daryn.kz платформасында тіркелген, БІРАҚ, жеке кабинетіндегі «Қатысуды растау» батырмасын баспаған оқушыларға арналады. 30 мамыры сағат 14:00-ден 31 мамыр 14:00-ге дейін осы рәсімнен өтулеріңізді сұраймыз. Сіздер үшін олимпиада ағымдағы жылдың 5 маусымы сағат 09:00-ден 8 маусымның 23:00-ге дейін қолжетімді болады.
Екі ағымның барлық финалистері 2023 жылдың 12 маусымында сағат 09:00-ден бастап Платформадағы жеке кабинеттерінен сертификаттар мен дипломдарды жүктей алады.