2023 жылғы 21 маусымда "Көкшетау" мәдениет сарайында «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлерін салтанаты марапаттау рәсімі өтті.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Ақмола облысының білім басқармасы, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы.
Салтанатты рәсімге Ақмола облысының әкімі Ермек Боранбайұлы Маржықпаев, Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Айтымұлы Жүсіпов, Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Шоқан Жетпісбайұлы Оразалин, облыс аудандарының (қалаларының) білім бөлімдерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкерлері, педагогикалық еңбек ардагерлері, түлектер, «Алтын белгі» иегерлері, сондай-ақ олардың ата-аналары мен мамандандырылған білім беру ұйымдарынан және жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері қатысты.
Биыл орта мектепті 11-сыныптың 4597 түлегі аяқтады, оның ішінде 246 «Алтын белгі» иегері (оның ішінде 16 - IQanat High School of Burabay түлектері) және 334 жалпы орта білім туралы үздік аттестат иегері.
Түлектерге арнаған сөзінде Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев оларға болашақ мамандығын табысты таңдауын тіледі және мұғалімдерге еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін ерекше ризашылығын білдірді, сондай – ақ, ата-аналарға балаларды тәрбиелеген үшін-білім беру саласының көшбасшылары, зияткерлік, шығармашылық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары үшін алғыс айтты.
Облыс әкімі 230 түлекке «Алтын белгі» төсбелгілерін және 100 000 теңге сомасына ақшалай сертификаттарды табыс етті.
Қатысушылар мен қонақтарға арналған салтанатты рәсім Көкшетау қаласы шығармашылық мамандықтар, Біржан Сал атындағы музыкалық, Ақан сері атындағы жоғары мәдениет, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледждерінің студенттері дайындаған мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты.