2023 жылдың 15-16 тамыз аралығында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Қаскелен қаласында (Алматы облысы) Сүлейман Демирель атындағы университет базасында мамандандырылған білім беру ұйымдарына арналған «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» республикалық тақырыбында педагогикалық конференция өтті.
Конференцияға республиканың 200-ден астам педагогтары қатысты. Олар – «Дарын» аймақтық орталықтарының жетекшілері мен әдіскерлері, дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары және дарындылық саласындағы тренерлер мен сарапшылар.
Педагогикалық конференцияның мақсаты - дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттыру тәжірибесінің перспективалық дамуы, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.
Конференцияның секциялық отырысы 15 тамызда өтті. «Толық адам ілімі табысты ұрпаққа», «Дарынды бала – болашақ элитасы», «Ұлттық құндылыққа негізделген дарынды ұрпақ», «Талантты ұстаз – талантты шәкірт», «Рухани құндылық- ұлттық идея болмысы» және т.б. тақырыптарда баяндамалар тыңдалды.
Конференцияның пленарлық отырысы 16 тамызда өткізілді. Пленарлық отырыс барысында педагогикалық салада тәжірибе алмасу, педагогтардың әртүрлі идеялары, дарынды оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық әдістерін енгізуді қамтитын мәселелер талқыланды.
Аталмыш конференцияға Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының орынбасары Алдабергенова А.Ж. және 5 облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары қатысты.
Конференция барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы үздік мекемелерді анықтап, Ақмола облысы білім басқармасының "БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ" лицей-интернаты "ҮЗДІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ - 2023" номинациясымен марапаттады.
Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының орынбасары Алдабергенова А.Ж. және 5 дарынды балаларға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары «ДАРЫН» РҒПО 25 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ТӨСБЕЛГІСІМЕН марапатталды.
Сонымен қатар, Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы басшысының орынбасары Алдабергенова А.Ж. және Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының директоры Авджу Гуржан ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Құрмет грамоталарымен, ал Степногорск қаласы, №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының директоры Турганбаева Г.К. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.