АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

XVІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі туралы ақпарат қорытындысы

04.10.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөніндегі орталығы   2023 жылғы 2-4 қазан аралығында Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Балкашин ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебі базасында XVІ Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілетін болды. Олимпиадаға бұрын республикалық және халықаралық пәндік олимпиадаларға қатыспаған жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша жалпы білім беретін ұйымдардың 11-сынып оқушылары қатысты.

Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:

1) орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында математика, физика, химия және биологиядан дарынды оқушыларды анықтау үшін кәсіптік бағдар мен болашақтағы интеллектуалдық дамуына қолайлы жағдай жасау;

2) жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқутуда оқушылардың қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен дағдыларын тереңдету;

3) тұлғаның өзін-өзі жетілдіруіне және дамытуына жағдай жасау.

Президенттік олимпиаданың әрбір қатысушысы барлық кезеңдерде төрт пән бойынша тапсырмаларды орындайды: математика, физика, химия және биология.

Олимпиадаға 15 ауданнан, Қосшы, Степногорск және Көкшетау қалаларынан, 5 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан және ІQanat high school of Burabay 89 оқушы қатысты.

Олимпиадаға қатысушылар Сандықтау ауылының «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінде тұрды. Топ жетекшілері үшін психологиялық тренинг өткізілді. «Думан» педагогикалық отрядының тәлімгерлері олимпиада қатысушыларымен тимбилдингтер мен спорттық ойындар өткізді.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

1. Қайролла Әлихан – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

2. Прокудина Валерия – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 11-сынып оқушысы;

3. Жакишев Арсен – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 11-сынып оқушысы;

4. Гомзикова Дарья – Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 11-сынып оқушысы.

ІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. Башарова Дарига – Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11-сынып оқушысы;

2. Қаирбек Ақнұр – Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;

3. Жанболат Нұрдана – Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Жарлыкөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

4. Арсекеев Ернар – Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Төңкеріс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

5. Советов Асылбек – Ақмола облысы білім басқармасы "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

6. Кәрім Нұрсұлтан – Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;

7. Байкенже Куаныш  – Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

8. Гиззатова Шадияр – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының № 19 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

1. Шевчук Олег Iqanat High School of Burabay мектебінің 11-сынып оқушысы;

2. Шуленбекова Аягоз – Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының Мәлік Ғабдуллин атындағы № 3 көпсалалы гимназиясының 11-сынып оқушысы;

3. Данияр Жансая – Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

4. Муратова Юлия – Шортады ауданы бойынша білім бөлімі Шортанды кентінің № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;

5. Сүндет Қарақат – Ақмола облысы білім басқармасының Щучинск қаласының "Білім-инновация" ІТ лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

6. Құттыбаева Алтынай – Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Ерейментау қаласының Н.Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы;

7. Федурин Артём – Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі Степногорск қаласының Абай Құнанбаев атындағы № 6 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы;

8. Муратов Нуржан – Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарымыз бен жүлдергерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз және олимпиаданың екінші (іріктеу) кезеңінде сәттілік тілейміз!

Просмотров: 715


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст