АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Қазақстанның білім беру кеңістігінің дамуындағы «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесі» тақырыбындағы воркшоп

12.10.2023

10 қазанда Көкшетау қаласында Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының базасында «Қазақстанның білім беру кеңістігінің дамуындағы «Білім-инновация» лицейлерінің тәжірибесі» тақырыбында воркшоп өтті.

Воркшопқа аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері, әдіскерлері, облыстық мамандандырылған білім беру ұйымдарының басшылары, мұғалімдері қатысты.

Воркшоптың мақсаты «Білім-инновация» лицейінің жұмыс жүйесін көрсету. Бұл іс-шара білім беру саласындағы өзгерістерді қолдауға және қоғам мен әлемдік мәдениетке табысты үлес қосуға қабілетті неғұрлым күшті, жауапты және үйлесімді ортаны қалыптастыруға бағытталған.

«Білім-инновация» лицей-интернатының оқытушылары жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқытудағы, олимпиадаларға дайындық саласындағы жинақталған тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, ата-аналармен жұмыс тәжірибесі көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылармен жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар беру жұмыстары көрсетілген.

Воркшоп қатысушылары идеялармен алмасты, білім берудің, оқытудың, тәрбиелеудің және тұлғаны дамытудың жаңа әдістемелерімен танысты. Іс-шара соңында қатысушылар бұл кәсіби байланыстарды нығайтуға, педагогикалық тәжірибені байытуға, сондай-ақ ой-өрісін кеңейтуге ықпал еткенін атап өтті.

Просмотров: 718


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст