Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастырумен 2023 жылғы 26-28 қазан аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.
Олимпиаданың мақсаты – географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттелерге белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Олимпиаданың міндеттері: географияны табиғат пен қоғамның дамуындағы кеңістіктік заңдылықтарды зерттейтін ғылым ретінде дәріптеу; дарынды және талантты әр оқушының өзін-өзі жетілдіру мақсатында географиялық зерттеулерге белсенді қызығушылықты ынталандыру; өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы озық білім беру технологияларының платформасы ретінде география пәні бойынша Ұлттық олимпиаданың беделі мен мәртебесін арттыру; мектептің географиялық олимпиадалық қозғалысы үшін платформа құру; елдің «Тұрақты даму тұжырымдамасының» мақсаттарына жетуде географияның кең мүмкіндіктерін қамту және ашу; үздік әлемдік білім беру тәжірибелері арқылы олимпиадаларға қатысушылардың әлеуетін арттыру.
Олимпиадаға 17 ауданнан, Степногорск, Көкшетау және Қосшы қалаларынан және облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттан облыстық кезеңге аудандық (қалалық) кезеңдерде іріктеуден өткен барлығы 100-ден аса оқушы қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша 25 оқушы жүлдегер атанды: І-дәрежелі дипломмен – 4 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 13 оқушы, грамотамен –7 оқушы марапатталды.
География пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын алған 4 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
І-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Муталяпова Алуа - Көкшетау қаласы әл-Фараби атындағы IT лицейінің 7-сынып оқушысы;
2. Домбровский Тимур - Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
3. Төлегенов Ерсұлтан - Көкшетау қаласы "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
4. Едрисова Адина - Көкшетау қаласы техникалық лицейінің 8-сынып оқушысы.
ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1.Адильбеков Нұрдаулет - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2.Қайрат Ерсұлтан - Астана қаласы №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
3. Дмитриев Александр - Шортанды ауданы, Гуляй-поле негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
4. Нурканова Милана - Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 7-сынып оқушысы;
5. Шаяхмет Дастан - Жарқайың ауданы, Далабай ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
6. Кадралинова Амина - Щучинск қаласы "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
7. Алтынхан Сардар - Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының мектеп – лицейінің 8-сынып оқушысы;
8. Никитюк Вадим - Бурабай ауданы, Щучинск қаласының Щучинск қаласының № 1 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.
ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. Сейітбек Еркебұлан - Жақсы ауданы, Алғабас ауылының негізгі орта мектебінің 7-сынып оқушысы;
2. Қапар Шыңғыс - Степногорск қаласы Бестобе кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
3. Мақсатұлы Аян - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
4. Бегежанова Диана - Атбасар ауданы, Бастау ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
5. Куликов Артем - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
6. Анарбеков Амир - Қосшы қаласы Бизнес академия "Дара" мектеп-лицейінің 7-сынып оқушысы;
7. Абылкасымов Айып - Астрахан ауданы, Новочеркасс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
8. Шарипжан Айзере - Қорғалжын ауданы, Жантеке ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
9. Амангелді Диас - Көкшетау қаласы "Білім-инновация" лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
10. Батышев Адиль - Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
11. Шакубаев Жанкабыл - Бұланды ауданы, Партизанка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8 - сынып оқушысы;
12. Каргин Захар - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
13. Шевнина Дарья - Есіл ауданы, Курский ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.
Грамотамен марапатталды:
1. Мухара Нұрасыл - Атбасар ауданы, Мариновка ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
2. Смагулова Диана - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының № 2 жалпы орта бiлiм беретiн мектебiнің 7-сынып оқушысы;
3. Сәбит Даниал - Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 7-сынып оқушысы;
4. Дәулетхан Ғайникамал - Қосшы қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
5. Темирова Алтынай - Шортанды ауданы, Шортанды кентінің №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
6. Ргебай Әділ - Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп – лицей – интернатының 8-сынып оқушысы;
7. Галаганов Кирилл - Жарқайың ауданы, Далабай ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы.
Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Табыс және алдағы уақытта жеңістер тілейміз!