АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың ІІ турының (облыстық) қорытындысы

28.11.2023

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 8-11 сынып оқушылары үшін Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың 2 турын (облыстық) 2023 жылғы 28 қараша күні өткізілді.

Олимпиаданың мақсаты: Қазақстан Республикасының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру және тереңдету.

Олимпиадаға математика және тілдер (қазақ, орыс және ағылшын) бойынша жақсы меңгерген оқушылар қатысты.

Облыстық кезеңге 5 аудандар, Қосшы, Көкшетау қалалары және 3 мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 20 жуық оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша:

І-дәрежелі дипломмен - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мекетеп-интернатының 9-сынып оқушысы Сейсен Әлима;

ІІ-дәрежелі дипломмен - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Сейтбаттал Темірлан;

ІІІ-дәрежелі дипломмен - Степногорск қаласы, № 4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы Алибаев Владимир марапатталды.

Ақмола облысының намысын 2023 жылғы 14 желтоқсанда өтетін үшінші турда (республикалық) Сейсен Әлима және Сейтбаттал Темірлан қорғайды.

Шын жүректен құттықтаймыз және алдағы кезеңде жеңіс тілейміз!!!

Просмотров: 1385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст