АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

INFOMATRIX ASIA-2023 қатысу қорытындылары туралы ақпарат

19.12.2023

2023 жылғы 16-18 желтоқсан аралығында Астана қаласында IT жобалар бойынша халықаралық INFOMATRIX ASIA-2023 байқауы өтті. Жарысқа 4 мемлекеттен 184 жобамен 450 оқушы қатысты.

Байқаудың негізгі мақсаты:

- IT саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және дамыту;

- IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;

- Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және шығармашылық тәжірибе алмасу.

Жарыс ағылшын тілінде жүргізіледі және алты бағыт бойынша өтті: Робототехника - FLL Challenge және Arduino Hackathon; Компьютерлік бағдарламалау; Компьютерлік графика және өнер; Қолданбалы ғылыми жобалар; Қысқаметражды фильмдер; Қолданбалы математика жобалары.

Ақмола облысынан халықаралық байқауға Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының және Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының оқушылары қатысты.

Халықаралық байқау қорытындысы бойынша Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының оқушылары марапатталды:

ІІ дәрежелі дипломдармен және күміс медальдармен:

«Қысқаметражды фильмдер» бағыты бойынша: Еркін Таир – 9-сынып оқушысы, Нурланов Темирлан – 9-сынып оқушысы, Тұрлыбек Ерахмет – 9-сынып оқушысы.

«FLL Challenge және Arduino Hackathon» бағыты бойынша: Марат Дияс – 8-сынып оқушысы, Құттыбек Марданжеңіс – 8-сынып оқушысы, Досай Әли – 8-сынып оқушысы.

ІІІ дәрежелі дипломдармен және қола медальдармен:

«Компьютерлік графика және өнер» бағыты бойынша: Кайрушев Дамир – 10-сынып оқушысы, Тұрсынбек Лаура – 10-сынып оқушысы.

         Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер тілейміз!!!

Просмотров: 1231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст