2024 жылғы 14-18 қаңтар аралығында Астана қаласында жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІІ (республикалық) кезеңі өтті. Олимпиаданың қорытынды кезеңі бес базада өтті: Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Аstana IT University, Әлихан Бөкейхан атындағы Binom School, Radisson Astana Hotel және «Думан» қонақ үйі.
Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау.
Олимпиадада ІІ іріктеу кезеңінің 11 жеңімпазы Ақмола облысының намысын қорғады.
«Биология» пәні бойынша Олимпиаданың күміс медальмен және ІІ-дәрежелі дипломмен Бурабай ауданы, Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Үндемес Інкәр марапатталды.
Қола медальмен және ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:
1. «Математика» пәні бойынша Жақсы ауданы, Жақсы ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Бесенбаева Раушан.
2. «Химия» пәні бойынша Зеренді ауданы, Ақадыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Солтанбек Арайлым.
3.«Биология» пәні бойынша Бурабай ауданы, Зеленый бор ауылының мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Абилбекова Жансая.
4. «Биология» пәні бойынша Есіл ауданы, Красивый ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Файзулин Рустам.
5. «География» пәні бойынша Шортанды ауданы, Төңкеріс бекетінің негізгі орта мектебінің 9-сынып оқушысы Айтбай Ермек.
6. «Информатика» пәні бойынша Бурабай ауданы, Қатаркөл ауылының Досов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Панкеев Сергей.
Грамотамен «Химия» пәні бойынша Бурабай ауданы, Оқжетпес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 11-сынып оқушысы Бейсенбай Бекзат марапатталды.
Жүлдегерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз!!!