АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінің қорытындылары туралы

29.03.2024

Астана қаласында 2024 жылғы 17-21 наурыз аралығында орта білім беру ұйымдары 9-11(12) сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағыттағы республикалық олимпиаданың физика және математика пәндері бойынша қорытынды кезеңі өтті.

Олимпиада ұйымдастырушылары: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығы және "Астана дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды іріктеу және даярлау, Қазақстан республикасында білім берудің беделін көтеру.

Олимпиадада еліміздің әр өңірінен келген 329 дарын бақ сынайды. Республикалық олимпиада барлық санитарлық, медициналық, өрт қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіп нормалары қатаң сақтала отырып, екі білім ошағында өткізілді:

 «Математика» пәні бойынша – дарынды жасөспірімдерге арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында,

«Физика» пәні бойынша дарынды қыз балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатында.

Республикалық олимпиада дәстүрлі түрде екі кезеңнен, теориялық және практикалық турлардан тұрды.

Сондай-ақ, бағдарламаға сәйкес қатысушылар үшін Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайына, «Бәйтерек» монументіне, «Нұр-Әлем» павильонына экскурсиялар ұйымдастырылды.

Олимпиаданың жабылу салтанаты 21 наурыз күні ҚР Қарулы күштерінің Әскери-Тарихи мұражайында өтті.

Ақмола облысынан 10 оқушы қатысты, оның ішінде: «Математика» пәні бойынша - 6 оқушы, «Физика» пәні бойынша - 4 оқушы.

Олимпиада қорытындысы бойынша 4 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: ІІ-дәрежелі дипломмен – 1 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен – 3 оқушы, грамотамен – 1 оқушы марапатталды.

II-дәрежелі дипломмен «Физика» пәні бойынша Саберлинов Нурислам – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 9-сынып оқушысы марапатталды.

IІI-дәрежелі дипломдармен марапатталды:

 1. «Математика» пәні бойынша Сейтбаттал Темірлан – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 10-сынып оқушысы;

2. «Математика» пәні бойынша Жақсылық Алдияр – Щучинск қаласының "Білім-инновация" IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы;

3. «Физика» пәні бойынша Олжабай Асхат – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Грамотамен «Математика» пәні бойынша Калелов Дарын – Ақмола облысы білім басқармасының "Білім-инновация" лицей-интернатының 11-сынып оқушысы марапатталды.

Олимпиадашыларымызды шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 766


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст