АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

«Бастау» XVІI республикалық математикалық олимпиадасының қорытынды кезеңінің ақпараты

29.03.2024

2024 жылғы 24-28 наурыз аралығында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» XVІІ республикалық математикалық олимпиадасы Алматы қаласында Республикалық физика-математикалық мектебінің базысында өтті.

Олимпиаданың мақсаты - бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттері ерекше дамыған дарынды балаларды айқындау, қолдау, математикадан білімдерін тереңдету және кеңейту болып табылады.

         Бастауыш сынып оқушыларының математикалық қабілеттерін айқындау, қолдау және білімдерін тереңдету мақсатында ұйымдастырылған олимпиадаға еліміздің әр өңірінен 130-дан астам 2-4 сынып оқушылары қатысты.

2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасы - бастауыш сынып оқушыларына арналған білім беру-дамыту бағдарламасы. Олимпиада жеке және командалық сайыс болып табылады.

         Олимпиаданың республикалық кезеңі үш тур бойынша өтті:

1-тур - «Әу, баста!» (командалық есеп).

2-тур - «Көкпар» (командалық есеп)

3-тур - «Математикалық бәйге» (ауызша жеке есеп)

Әр командада үш оқушыдан болуы тиіс: 2 сыныптан - 1 оқушы, 3 сыныптан - 1 оқушы, 4 сыныптан - 1 оқушы.

Республикалық кезеңге әр өңірден облыстық кезеңде 1 орын алған екі команда (бір команда – қазақ тілінде, екінші команда – орыс тілінде) қатыса алады.

Ақмола облысынан 6 оқушы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жеке және командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Жеке турда грамотамен марапатталды:

1. Орманбек Сұлтан - Қосшы қаласының мектеп гимназиясының 4-сынып оқушысы, «Болашақ» командасы;

2.Шерер Ксения - Бұланды ауданы, Макинск қаласының мектеп-гимназиясының 4-сынып оқушысы, «Жұлдыз» командасы.

Шын жүректен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!!!

Просмотров: 749


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст