АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

5-8 сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы туралы ақпарат

22.04.2024

2024 жылғы 5 сәуір күні  Ақмола облысы білім басқармасының «Ақмола дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының базасында 5-8  сынып оқушыларына арналған «ProEco» республикалық экологиялық жобалар байқауының облыстық кезеңі онлайн форматта өткізілді.

Байқаудың негізгі мақсаты – экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау.

Байқаудың негізгі міндеттері: еліміздің жас ұрпағында экологиялық мәдениетті және жаһандық проблемаларға белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыру, табиғи және жасанды экожүйелерді зерттеу мен сақтауға қызығушылықты қолдау, мәдени және табиғи байланыстарды сақтау қағидатына сәйкес балаларды бірегей жалпыадамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу, оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру және туған өлкенің табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелеу.

Аталмыш байқауға барлығы 41 оқушы қатысты.

Байқаудың қорытындысы бойынша 16 оқушы жүлдегер және жеңімпаз атанды: І-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІ-дәрежелі дипломмен – 5 оқушы, ІІІ-дәрежелі дипломмен –  6 оқушы, грамотамен – 5 оқушы марапатталды.

І-дәрежелі диплом марапатталды:

  1. "Туған өлке табиғаты" бағыты бойынша Тоғайбай Аяна - Степногорск қаласы, № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының 8-сынып оқушысы;
  2. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Морозов Никита - Жақсы ауданы, Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің        8-сынып оқушысы;
  3. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Алимжанова Асель - Жақсы ауданы, Қима ауылының Қабдеш Шардағұлұлы Өскенбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің        8-сынып оқушысы;
  4. "Үздік экологиялық бастама" бағыты бойынша Мусурова Аяжан - Жақсы ауданы, Моховое ауылының негізгі орта мектебінің 8-сынып оқушысы;
  5. "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша Неволько Дарья - Сандықтау ауданы, Балкашин ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

 

ІІ-дәрежелі диплом марапатталды:

  1. "Туған өлке табиғаты" бағыты бойынша Нияз Айдана - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің  7-сынып оқушысы;
  2. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Құсайын Ақеділ - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  3. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Аманкелді Алтынай          - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы;
  4. "Үздік экологиялық бастама" бағыты бойынша Бейбитханұлы Бегарыс - Ерейментау ауданы, Еркіншілік ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сынып оқушысы;
  5. "Таза қала сізден басталады" бағыты Жанботақызы Жұлдызай - Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

 

ІІІ-дәрежелі диплом марапатталды:

  1. "Туған өлке табиғаты" бағыты бойынша Заболотских Ариана -  Шортанды ауданы,  Шортанды кентінің № 1 жалпы орта білім беретін мектебінің          7-сынып оқушысы;
  2. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Имантай Жансұлу - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;
  3. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Зейнолла Сымбат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 8-сынып оқушысы;  
  4. "Үздік экологиялық бастама" бағыты бойынша Эргашев Мұхаммед - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы; 
  5. "Үздік экологиялық бастама" бағыты бойынша Заманбек Ажар - Целиноград ауданы, Қоянды ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы; 
  6. "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша Сатин Ерасыл - Бурабай ауданы, Ұрымқай ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 8-сынып оқушысы.

 

Грамотамен марапатталды:

  1. "Туған өлке табиғаты" бағыты бойынша Аскерова Салтанат - Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
  2. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Данильчекно Дария - Есіл ауданы, Қаракөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  3. "Мені қоршаған әлем - ғажайып әлем!" бағыты бойынша Байгалым Нурасыл - Есіл ауданы, Қаракөл ауылының жалпы орта білім беретін мектебінің 7-сынып оқушысы;
  4. "Үздік экологиялық бастама" бағыты бойынша Жанузак Ажар -Көкшетау қаласы, Абай атындағы дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 7-сынып оқушысы;
  5. "Таза қала сізден басталады" бағыты бойынша Черёмухина Виктория - Бурабай ауданы, Зелёный бор ауылының мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы.

Байқаудың облыстық кезеңінде 1 орын алған 5 оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!

Просмотров: 436


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст