2024 жылғы 11-13 сәуір аралығында Астана қаласында ІІ Халықаралық зияткерлік меншік күніне, Қазақстан Ғылым қызметкерлері күніне және академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай оқушыларға арналған Халықаралық ғылыми форум өтті.
Оқушыларға арналған ІІ Халықаралық ғылыми форум (ISF4Child) «Ғылымдағы балалар» жобасы шеңберінде «International Centre of Scientific Collaborations» жеке мекемесінің бастамасы бойынша, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтының (Qazpatent) қолдауымен «Жас өнертапқыш» IХ мектетебі шеңберінде өткізілді.
Форумның өткен орны Қазақстан Республикасының Президенттік орталығы және Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Ұлттық зияткерлік меншік институтында (Qazpatent).
Форумның қонақтары:
Профессор Хянг Пинг Ву-Brisec Президенті, Қытай Ғылым академиясының академигі (Қытай);
Профессор Манзур Сомро - BRISEC вице-президенті, экономикалық ынтымақтастық елдерінің ғылыми қорының кеңесшісі, BTBU Қытай, IAP SEP Халықаралық консультативтік кеңесінің мүшесі, Үнді мәдени форумының төрағасы;
Хатем Слиман - I-FEST бас директоры, ATAST Президенті (Тунис).
Форумда Ақмолалық оқушылар, республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері түрлі халықаралық ғылыми байқауларда жоғары бағаланған табысты жобаларды көруге мүмкіндік алды, Назарбаев Университетіне барды.
ІІ Халықаралық ғылыми форумға ақмола облысынан республикалық ғылыми жоба байқауының алтын, күміс және қола медаль иегерлері барды:
Оқушыларға арналған ІІ Халықаралық ғылыми форумның қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификаттар табысталды.