Ғылым мен
білімді біріктіру, ұрпақты жалғастыру, еліміздің болашақ ғылыми әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығы жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауын (одан әрі- Байқау) өткізеді.
Осы жылы Байқау 13-16 ақпан аралығында Алматы қаласында өткізілді. Байқау Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының ғылыми қолдауымен өткізілді. Республикалық ғылыми жобалар байқауы – бұл «Қазақстан – 2050» стратегиясы тұрғысынан республиканы экономикалық және әлеуметтік – мәдени дамыту үлгісі» тақырыбында өтетін оқушылардың ғылыми зерттеу байқауы.
Байқау төрт бағытта өткізіледі: «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық дамудың негізгі түйіні», «Экономикалық және әлеуметтік үрдістердің математикалық модельдеу», «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан–2050» стратегиясын жүзеге асыру негізі», «Қазақстанның
тарихи ескерткіштері мен келешектегі туристік бағыттар».
Байқаудың соңғы кезеңіне біздің республикамыздың барлық облыстардан 738 жас зерттеушілер қатысты.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалардың қорытынды кезеңінде Ақмола облысының құрама командасын 18 жобамен 22 оқушы таныстырды, олардың ішінде 4 командалық жоба.
Байқауға қатысудың қорытындысы бойынша біздің облысымыздан 5 оқушы жеңімпаз атанды, олардың ішінде 2 оқушы - бірінші орын, 2 оқушы - екінші орын, 1 оқушы - үшінші орын және 17 оқушы грамотамен марапатталды.
1. Каиргельдинов Ахат - Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы, «Химия» секциясы -1 орынға ие болды;
2. Қазбек Рүстем – Есіл ауданы, С.Серіков ат. орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Өлкетану» секциясы -1 орынға ие болды;
3. Орынбаева Гульмира - Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы, «Биология» секциясы -2 орынға ие болды;
4. Сатова Дарина -Целиноград ауданы, Қараөткел а.№2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы, «Тарих» секциясы -2 орынға ие болды;
5.Сагнаева Фариза - Бурабай ауданы, Щучье қ. №9 мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, «Этномәдениеттану» секциясы -3 орынға ие болды.
Республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезенінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!