АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

10.01.2018

Көкшетауда а.ж. қаңтар айының 5-7 аралығында жалпы білім беретін пәндер

бойынша пәндік олимпиаданың үшінші облыстық кезеңі өтті. Олимпиадаға 17 аудан, 4

дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған төрт мектеп-интернат, Көкшетау

және Степногорск қалаларынан барлығы 378 оқушысы қатысты. Олимпиада қорытындысы

бойынша: І дәрежелі дипломмен –31 оқушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 35 оқушы, ІІІ

дәрежелі дипломмен – 95 оқушы және 29 оқушы грамотамен марапатталды.

Олимпиаданың мақсаты шығармашылық

қабілеттерін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін

арттыру, тұлғаның өзіндік дамуына көмек көрсету, дарынды балаларды анықтауға

жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысу үшін оқушыларды іріктеу және

дайындау, Қазақстандағы білім берудің беделін көтеру.

Олимпиада жалпы білім беретін

пәндер бойынша өткізілді: қазақ тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, қазақ тілі

мен әдебиеті орыс мектебінде, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектебінде, орыс

тілі мен әдебиеті орыс мектебінде, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын

тілі, неміс тілі, француз тілі, математика, информатика, физика, химия,

биология, география.

Олимпиаданың үшінші облыстық кезеңдерінің

тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес республикалық

әдістемелік кеңес дайындап Республикалық ғылыми-практикалық "Дарын"

орталығы бекітеді.

Оқушылар жұмыстарының құзыретті

тексерілуін және тәуелсіз бағалануын қамтамасыз ету үшін әділ-қазы ретінде Ш.

Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен PhD докторлары,

профессорлар, ғылым кандидаттары, ғылым магистрлері, үздік оқытушылар шақырылды.

Әділ-қазы шешімі бойынша үздік

болып келесі оқушылар атанды:

- информатика пәнінен: Шарипов Амирлан - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 8 сынып оқушысы 9 сынып бағдарламасы бойынша, Кеңес Алмас - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 9 сынып оқушысы 10 сынып бағдарламасы бойынша, Құттымбек

Данияр - «Білім–инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- география пәнінен: Сержан Мирас - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 8 сынып оқушысы 9 сынып бағдарламасы бойынша, Рашидов Ермек -

№3 М. Ғабдуллин ат. мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, Кенжегара Аида -

Есіл ауданы №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

 - физика

пәнінен: Нәсіп Ерқанат -«Білім–инновация» лицей-интернатының 9 сынып

оқушысы, Кулумканов Нурсат - «Білім–инновация» лицей-интернатының 10 сынып

оқушысы, Айдахметов Абзал - «Білім–инновация» лицей-интернатының 11 сынып

оқушысы; 

- биология пәнінен: Киззатов Айдын - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 9 сынып оқушысы, Елжанов Арлан - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, Нұрғали Нұрмәди - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- химия пәнінен: Елжан Арман - «Білім–инновация» лицей-интернатының 9

сынып оқушысы, Каиргельдинов Ахат - №3 облыстық мамандандырылған

мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы, Қайырлы Ернұр - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

- математика пәнінен: Даминов Арслан - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 8 сынып оқушысы 9 сынып бағдарламасы бойынша, Багдат Мергуль

- Степногорск қаласы, №4 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 10 сынып

оқушысы, Габдулсаттаров Эльдар - «Білім–инновация» лицей-интернатының 11 сынып

оқушысы;

- қазақ тілі және әдебиет пәнінен: Қадыл Әйгерім – Көкшетау қаласы №1

мектеп –гимназиясының 10 сынып оқушысы, Қабдуш Қуаныш - №3 М. Ғабдуллин ат.

мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;

- орыс тілі және әдебиет пәнінен: Солонарь Маргарита – Көкшетау

қаласы, №6 мектеп-лицейінің 9 сынып оқушысы 10 сынып бағдарламасы бойынша;

- қазақ тілі орыс сыныптарында пәнінен:  Васильева Анастасия - Көкшетау қаласы,

гуманитарлы-техникалық мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, Харькова Анастасия –

Ақкөл ауданы, №2 орта мектебінің 11 сынып оқушысы;

- орыс тілі қазақ сыныптарда пәнінен: Казкенова Томирис – Кокшетау

қаласы №19 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, Абильдаева Аида – Астана қаласы,

№2 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

- қазақстан тарихы пәнінен: Несіпбай Асқар – Бурабай ауданы, №9

мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы, Жумабекова Зарина - Көкшетау қаласы, №6

мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы; 

- құқық негіздері пәнінен: Сакенова Аружан - Көкшетау қаласы, №6

мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы, Үсен Серикпай - №3 облыстық мамандандырылған

мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;

- ағылшын тілі пәнінен: Исмаилов Фарид - «Білім–инновация»

лицей-интернатының 10 сынып оқушысы, Плаксина София - Көкшетау қаласы, №6

мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы өте жақсы нәтиже көрсете білді.

Облыстық олимпиаданың

жүлдегерлері а.ж. ақпан айында жаратылыстану-математикалық цикл пәндері бойынша

Атырау қаласында, ал гуманитарлық пәндер бойынша Қостанай қаласында өтетін

Республикалық олимпиадаға қатысады.

Олимпиада қорытындысы бойынша ең

көп ұпай жинаған «Білім–инновация» лицей-интернатының оқушылары жалпы

командалық І орынға, Көкшетау қаласының оқушылары жалпы командалық ІІ орынға,

Бурабай ауданының оқушылары жалпы командалық ІІІ орынға ие болды.

         Олимпиада жеңімпаздарына шығармашылық табыс және алдағы

республикалық сайыста үлкен сәттілік тілейміз!

Просмотров: 403


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст