АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

20.12.2017

Информатика пәнінен ІХ Еуразиялық олимпиаданың қорытынды туры 2017 жылдың 9-10 желтоқсан күндері Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткізілді. Аталмыш олимпиада дәстүрлі түрде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мен Санкт-Петербург

ақпараттық технологияларды зерттеу университетімен бірлесіп өткізіледі.

Олимпиаданың негізгі мақсаты ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру, оқушылардың ақпараттық мәдениетін дамыту, компьютерлік модельдеу және ақпараттық есептеу технологиялар саласында дарынды оқушыларды анықтау.

 2017 жылғы олимпиадаға бір мезгілде, «ортақ желі» режимінде Санкт-Петербург, Барнаул, Тбилиси, Ереван, Кременчуг, Алматы қалалары қатысқан. Барлығы 232 команда сайысқа түскен. Соның ішінде

Алматы қаласында 49 команда болды, оның 12-сі Қырғыз, Тәжік және Өзбекстан Республикаларынан қатысқан. Қазақстан командасында барлығы 147 қатысушы болды.

Солардың бірі – Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Құттымбек Данияр Әсетұлы. Кұттымбек Данияр жүлделі 3-орынға ие болды және қола медалімен марапатталды.

Олимпиада жеңімпазы Құттымбек Даниярға шығармашылық табыс және үлкен жеңістер тілейміз.

Просмотров: 389


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст