Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрі Е.Сағадиевтің дарынды балалармен – халықаралық
олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздарымен кездесуі туралы ақпарат
Ел Тәуелсіздігі Күнінің қарсаңында 2017 жылдың 13 желтоқсанында Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің Кітапханасында Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрі Е.Сағадиев дарынды балалармен – халықаралық олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздарымен кездесті.
Кездесуге республикалық және халықаралық пән олимпиадаларының бірнеше дүркін жеңімпаздары – барлығы 40 оқушы шақырылды.
Тәуелсіздік жылдарында дарынды балалар Қазақстанды әлемдік аренада барынша танытып жүр. Олар математикадан, физикадан, химиядан, биологиядан, информатикадан, географиядан беделді халықаралық олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда.
Кездесудің мақсаты Министрді елдің болашақ зияткерлік элитасымен таныстыру, дарынды балалар мен жастардан іріктеліп құрылған топты қолдау және дамыту.
Ақмола облысының атынан бұл кездесуге Мәскеу облысының Королева қаласында өткен «Адам-Жер-Ғарыш» қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қатысты ғылыми жобалардың бүкілресейлік «Созвездие» олимпиадасының қола медаль иегері, республикалық олимпиадалар мен байқаулардың біренеше дүркін жеңімпазы, Астана қаласы дарынды балаларға арналған №2 мамандандырылған мектеп-интернатының
10 сынып оқушысы Кингушанов Аслан қатысты.
Баспасөзге берген сұхбатында Аслан өзінің республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларға қатысудан алған әсерімен, өзінің жетістіктерімен және болашаққа деген жоспарларымен бөлісіп, оқушылардың алдынан шексіз мүмкіншіліктер ашатын олимпидаларға қатысып,
бақтарын сынауға мүмкіндік беріп отырған Елбасымызға, ҚР білім және ғылыми министрлігіне өзінің үлкен алғысын білдірді.