Жұлдызы жансын!
Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығындағы «Жұлдыздар» вокалдық студиясы 1986 жылы құрылды.
Студияда 100-ден астам бала білім алады. Вокалдық студияның білім бағдарламасының басты мақсаты – оқушылардың музыкалық түйсіну сезімін, вокалдық
дағдыларын, музыкалық мәдениетті түсіну қабілеттерін дамыту. Студия жетекшілері Хамзина А.Ж., Булатов С.А. репертуарға көп көңіл бөледі. Бұл халық әндерін орындау, сондай-ақ батыстың классикалық туындыларын, әлемге танымал заманауи және өңір сазгерлерінің шығармаларын жаттауынан, табиғи қабілетіне қарамастан әр баланы ән айтуға үйретуінен, оның вокалдық қабілеттерін дамытуынан көрініс табады.
2017 жылдың 12 желтоқсанында Тәуелсіздік күнін атап өту аясында «Жұлдыздар» вокалдық студиясы тәрбиеленушілерінің арасында «Искорка» жас вокалистер байқауы өтті. Бұл байқауды осы жылы ғана үйірмеге жазылған тәрбиеленушілердің 3 ай бойы вокалдан алған білімдерін қорытындылау емтиханы ретінде қабылдауға болады. Байқауға екі жас санатында 50-ден астам бала қатысты: 6-9 жас және 10-12 жас. Қатысушылар әр түрлі репертуардағы әндерді жеке, дуэтпен және триода орындады.
Байқаудың қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей ретпен орналасты:
6-9 жас санатында
1 орын – Мукатаева Айғаным – «Ақ тілек» әні
2 орын – Нурмаханбетова Карина - «Мен ауылға барамын» әні
3 орын - Есенжол Ескендір – «Ұстазым» әні
10-12 жас санатында
1 орын – Айтеева Амина, Сарсенбаева Айғаным дуэті - «Боль» әні
2 орын – Соколова Вероника – «Stop People!» әні
3 орын - Танатар Бақдаулет – «Мен қазақпын» әні
Бұл іс шара – балалардың өнер әлеміне жасаған алғашқы баспалдақтары ғана. Оқу жылының соңында вокалистер өз өнерлерін бұдан да жоғары деңгейде көрсететін болады деген үміттеміз. Жас әншілерге шығармашылық табыс тілейміз!