«Домбырамен сөйлейміз!» атты шығармашылық кеші
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл-сәл кем бұра.
Қазақ- нағыз қазақ емес,
Нағыз қазақ-домбыра.
(Қ.Мырзалиев)
Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі.
Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығында 20 жылдан астам «Үкілі домбыра» студиясы жұмыс жасап келеді. Жетекшісі – Абжанова Г.А. Ағымдағы оқу жылы бұл үйірмеге 50 бала қатысады. Бағдарламаның мақсаты – балаларға халық шығармашылығы мен халық аспабын насихаттау; оларды халық шығармашылығына тарту; балаларды домбыра тартуға үйрету; қазақ сазгерлерінің туындыларын жаттату.
2017 жылдың 8 желтоқсаны күні орталығымызда «Үкілі домбыра» студиясына биылғы жылы жазылған балалардың (40 бала, 30 ата-ана).
Кеш барысында студия жетекшісі Гульфруза Асылбекқызы әр тәрбиеленушіге мінездеме беріп, олардың орындаушылық деңгейі туралы сөз қозғады. Сондай-ақ, діттеген мақсатына тек қана жүйелі жаттығу, табандылық пен сабырлылықтың арқасында ғана жетуге болатындығын баса айтты.
Үйірмеге ағымдағы жылы ғана жазылған тәрбиеленушілер жетекшімен қосылып «Полька», «Тойбастар», «Біз өмірдің гүліміз», «Во саду ли огороде», «Айтыс» туындыларын орындады.
Үйірмеге 2 жыл қатысып келе жатқан балалар болса «Көкшетау маршін», «Келіншекті» және «Ерке сылқым», «Балбырауын» күйлерін орындады.
Ата-аналар өз кезегінде кештен алған әсерлерімен бөлісіп, орталық әкімшілігі мен студия жетекшісіне алғысын білдірді.