АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

12.12.2017

     Күнделікті құбылған бүгінгі әлемде елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қазақстандықтар үшін маңызды идеологиялық темірқазық болып кетті.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облысымызда біршама жобалар әзірленді. Олардың негізінде аймақтағы сан алуан мәдениет жатыр.

Қазақстандық патриотизм рухындағы жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған «Тәрбие және білім» атты  бірінші ішкі бағдарламасының әкімгері – 

білім беру жүйесі. Өйткені «баланы жастан» демекші, дәл осы бала күннен бастап өз ауылына, қаласына, өлкесіне, оның тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен тұрмысына деген махаббат, мақтаныш және адалдықпен  көрініс табатын  шынайы патриотизм сезімін ұялатуға болады.

Білім басқармасы «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыруға арналған 22 жобадан тұратын тізілім әзірледі. Бұл іс-шаралардың басты  мақсаты – бәсекеге

қабілетті, сындарлы, мықты, жауапкершілігі мол, шығармашыл тұлғаны, өз Отанының

патриотын тәрбиелеу. «Тәрбие және Білім» ішкі бағдарламасында үш  базалық бағыт жүзеге асырылады: олар «Өлкетану», «Отаным – тағдырым», «Саналы азамат».

Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының негізінде бүгінде балалар мен жасөспрірімдердің бойында өзінің кіші отанына деген қызығушылығын, шығармашылық негіздерін, жасампаздық қабілеттерін дамытуға бағытталған  7  жоба әзірленіп, жүзеге асыра бастады:

«Business» (Саналы азамат базалық бағыт)

«Алтын қазына» (Саналы азамат базалық бағыт)

«Дарындылар елі» (базалық бағыт Саналы азамат)

«Сөз тілді қөркі» (базалық бағыт Отаным- тағдырым)

«Дарынды ұрпақ- ел болашағы» (базалық бағыт Отаным- тағдырым)

«Балалар мен жасөспірімдер қозғалысы және қоғамдық ұйымдарды дамытудың ұлттық бағдарламасы» (базалық бағыт Отаным- тағдырым)

 «Өрле, Қазақстан!» (базалық бағыт Отаным- тағдырым)

Просмотров: 495

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст