Жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша
Х Президенттік олимпиада қорытындысы
2017 жылғы 27-29 қыркүйек аралығында Степногорск қ. №4 «Болашақ» облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының базасында жаратылыстану-математикалық циклы пәндері бойынша Х Президенттік олимпиаданың аймақтық (бірінші) кезеңі өтті.
Негізгі мақсаты: оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқып үйренуге деген қызығушылығын арттыру, теориялық білімдері мен машықтарын тереңдету.
Облыс 17 аудандарынан, Көкшетау және Степногорск қалаларынан барлығы 86 оқушы қатысты.
Олимпиада тапсырмалары негізінен теориялық мазмұнда ұсынылды.
1. Барлық төрт пәндер бойынша – математика, химия, биология және физика ұпайлар қорытындысы
бойынша:
І-дәрежелі дипломмен – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының 11 сынып оқушысы – Әлбек Мәди марапатталды.
ІІ – дәрежелі дипломмен – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының 11 сынып оқушылары – Гуменная Дарья, Жолдыгазинова Зарема және Көкшетау қаласы, М.Ғабдуллин атындағы № 3 мектеп -гимназиясының 11 сынып оқушысы – Нурмагамбетова Бибижан марапатталды.
ІІІ- дәрежелі дипломмен – Степногорск қаласы, дарынды балаларға арналған № 4 "Болашақ" облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының 11 сынып оқушысы – Камирова Жанель, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп -интернатының 11 сынып оқушысы – Рамазан Аружан және Чебуранова Юлия - Көкшетау қаласы, №13 "ЭКОС" мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы марапатталды.
Жаратылыстану-математикалық бағытындағы пәндері бойынша грамоталармен марапатталды:
Алдабергенова Гульден – Бұланды ауданы, Балуан Шолақ ат. мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
Исин Даниял - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Саржаков Раймбек - Астана қаласы, №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Жабаева Мадина - Степногорск қаласы, №9 орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
«Математика» пәні бойынша грамоталармен марапатталады:
Цой Виктория – Бурабай ауданы, Щучье қаласы, №1 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы;
Құдайбергенова Айдана – Еңбекшілдер ауданы, Бірсуат орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
«Физика» пәні бойынша грамоталармен марапатталады:
Хозышыбай Гүлжаухар – Целиноград ауданы, Қоянды орта мектебінің 11 сынып оқушысы.
«Химия» пәні бойынша грамоталармен марапатталады:
Сулейменова Нургуль – Шортанды ауданы, Степной орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
Нұртілек Надиа - Шортанды ауданы, Новокубанка орта мектебінің 11 сынып оқушысы;
Жұмаділ Ақерке - Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған
мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы;
Тлеуқабылов Нұрбек – Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған № 3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 11 сынып оқушысы.
«Биология» пәні бойынша грамоталармен марапатталады:
Бакриденов Адильхан - Ақмола облысы білім басқармасының «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;
Умирова Камила - Степногорск қаласы, №6 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы.
Қазылар алқасының құрамы профессор, ғылым докторларынан, ғылымдар кандидаттарынан тұрады. Салтанатты ашылу рәсімі 2017 жылғы
27 қыркүйек айында сағ. 17.00-де Степногорск қ. №6 мектеп-гимназиясында, жабылу рәсімі 29 қыркүйекте сағ. 10.00-де өтті.
Президенттік олимпиаданың облыстық жүлдегерлері 2017 жылғы 18 қазанда екінші іріктеу кезеңіне қатысатын болады, ол НЗМ базасында екі – қашықтықтан және шығармашылық тур бойынша өткізіледі.
Президенттік олимпиаданың облыстық (І) кезеңінің жеңімпаздарын құттықтаймыз, болашақта табыс тілейміз!
Авторы: Р.Иманова - Ақмола облысы білім
басқармасының жанындағы «Өнерпаз дарынды балалармен жұмыс
жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы» мемлекеттік
коммуналдық қазыналық кәсіпорынының әдіскері.