«Қазақстан –
бақытымның ордасы!» атты 14 жас аралығындағы оқушылар арасында мемлекеттік
тілді меңгеруге арналған облыстық байқау туралы ақпарат
Ақмола облысының білім басқармасы мен өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі
облыстық оқу-әдістемелік орталығы бірлесе отырып, Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында, Қазақстан Республикасының Тілдер мерекесіне арналған 14 жас аралығындағы өзге ұлт өкідері арасында «Қазақстан – бақытымның ордасы!» атты байқауын өткізді.
Байқаудың мақсаты: мемлекетттік тілдің қолдану аясын кеңейте түсу, тіл мәдениетін көтеру, тіл саясатының пәрменділігін арттыру, оқушылар арасында қазақ тілін меңгерген өзге ұлт жастарына қолдау көрсету, олардың сөйлеу мәдениетінің деңгейін көтеру және мемлекеттік тіл мәртебесін нығайту.
2017 жылдың 22 қыркүйек күні облыстық оқу-әдістемелік орталығында өткізілген байқауға Ақкөл, Атбасар, Астрахан, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Сандықтау, Зеренді, аудандары мен Степногорск және Көкшетау қалалары
қатысты.
Жоғары дәрежеде өткен байқауда өзгелерден оза шауып, қарсыластарының арасынан суырылып шыққан Котельникова Валентина (Сандықтау ауданы, №1 Балкашино ОМ) – І орын жеңіп алды. Шатунова Надежда (Астрахан ауданы, Камышенка орта мектебі) - 2 орын. Пельч Константин (Жақсы ауданы, Калинин негізгі мектебі), Кошелева Наталья (Көкшетау қаласы, №17 орта мектеп-гимназиясы) – 3 орындарды қанжығаларына байлады. Қалған қатысушыларда арнайы грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды. Жүлделі орын алған
қатысушылардың жетекшілері Ақмола облысы білім басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Осындай тәрбиесі мол берері көп байқаулардың жас өнерпаздардың көңіл-күйіне шуақ сыйлап, шаттық әкелгені бізді қуанышқа бөлейді.