«Алтын қазына» көркемдік және сәндік-қолданбалы өнерінен облыстық байқау-көрмесінің
өткізілуі туралы ақпарат
Көркемдік білім беруді дамытудың қазіргі кезеңінде құндылықтық бағдары тұрақты шығармашылық дамыған тұлғаны қалыптастыру басты бағыттардың қатарына жатады. Бұл міндеттерді орындауда оқушылардың қоршаған ортаны тану мәдениетін, оған деген шығармашылық көзқарастарын қалыптастыратын рухани-адамгершілік және эстетикалық құндылықтарын дамытудың сарқылмас көзі ретіндегі сәндік-қолданбалы өнерінің мүмкіндіктерін қолдану айрықша маңызға ие болады.
Осыны ескере отыра «Тәрбие және білім» ішкі бағдарлмасының аясында «Рухани жаңғыру» идеясын орындау мақсатында 2017 жылдың 28 тамызында өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы мен Ақмола облысының білім басқармасы біріге отыра «Алтын қазына» байқау-көрмесін өткізді. Шараның мақсаты қосымша білім беру оқушылары мен тәрбиеленушілерінің көркемдік және сәндік-қолданбалы өнердің қыр-сырына деген қызығушылығын арттыру. Байқауға Аршалы, Есіл, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Жақсы аудандарынан және Көкшетау қаласынан 11-17 жас аралығындағы балалар қатысты.
Балалардың жұмыстары жасалуының сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Байқауға тегіс жұмыстармен қатар, көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылып, жалпы 48 композиция бағалау нысанына алынды. Байқауға келіп түскен жұмыстарды құзіретті қазылар алқасы бағалады: Корнева Ольга Сергеевна – Еуразиялық дизайнерлер Одағының мүшесі, «Мәдениет қайраткері»; Ягнюк Оксана Вячеславовна – балалар көркемсурет мектебінің педагогы; Ануфриева Наталья Сергеевна - өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығының қосымша білім беру педагогы. Қазылар алқасының әділ шешімімен келесі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:
1 орын 11-14 жас санатында Ахметжанова Адина (Көкшетау қаласы «Балдәурен» БАК);
1 орын 15-17 жас санатында Асадов Алишер (Көкшетау қаласы, «Әулет» МТЖЖО);
2 орын 11-14 жас санатында Куртоева Лейла (Көкшетау қаласы ООӘО);
2 орын 11-14 жас санатында Сунбаев Даниил (Көкшетау қаласы БКМ);
3 орынды келесі қатысушылар өзара тең бөлісті:
11-14 жас санатында Химченко Ульяна (Аршалы ауданы);
11-14 жас санатында Аптыкаева Карина (Аршалы ауданы);
15-17 жас санатында Жанибек Жанбота (Зеренді ауданы);
15-17 жас санатында Барахоева Милана(Көкшетау қаласы БКМ).
Өткізілген байқау сәндік-қолданбалы өнердің өскелең ұрпаққа адамгершілік, эстетикалық тәрбие беріп, олардың азаматтық, патриоттық сезімін қалыптастыруда сарқылмас көз болып қала беретіндегі тағы бір мәрте дәлелденді.