2018 жылы 27 ақпаннан бастап 6 наурызға дейін Оңтүстік Корея Дэджон қаласында «Жас ғалым» Халықаралық ғылыми конкурсы өтті.
Конкурстың мақсаты - Қазақстанның зияткерлік элитасын қалыптастыру, талантты оқушыларды іріктеу және қолдау, оқушылардың үздік жетістіктерін көрсету және насихаттау. Зерттеу қызметіне қатысушы Корея және басқа да елдер жасөспірімдерінің интеллектуалдық және тұлғалық дамуы; білім беру ұйымдарында оқушылардың зерттеу қызметін ұйымдастыру жүйесі мен инфрақұрылымын дамыту болып табылады.
Халықаралық конкурста Ақмола облысының намысын 2 оқушы қорғады. Өміржанұлы Жансұлтан – Целиноград ауданы, №2 Қосшы орта мектебінің 10 сынып оқушысы «Информатика» секциясы және Алтынов Нұрбек – Целиноград ауданы, Қараөткел ауылы №2 орта мектебінің 10 сынып оқушысы «Тіл білімі» секциясы.
Зерттеу жұмыстарын қорғау бес секциясы бойынша орыс және ағылшын тілдерінде жүзеге асырылды.
Байқауда өз білімдерін жоғары деңгейді көрсете білген оқушылар жүлделі орындаға ие болды. Жансұлтан мен Нұрбек 3 орынға ие болды.
Оқушыларымызды жеңісімен құттықтап, оларға басқа да конкурстар мен олимпиадаларда табыстар тілейміз!