АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АҚМОЛА ДАРЫНЫ" ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР МЕН ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ" КММ  

05.03.2018

          2018 жылдың 2-4 наурыз аралығында Ақмола облысының білім басқармасы, өнерпаз дарынды балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі облыстық оқу-әдістемелік орталығы, «Ақмола облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасын жүзеге асыру аясында  «Жас Ұлан» бірыңғай балалар  мен жасөспірімдер ұйымының кубогына арналған мектеп оқушылары арасындағы облыстық пікір-сайыс турнирі өткізілді.

Аталған іс-шара пікір-сайыс қозғалысын әрі қарай дамытып, талантты әрі ұшқыр ойлы жасөспірімдерді тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Жасөспірімдер өз мүмкіншіліктерін дамытып, өз құндылықтарын насихаттап, ең бастысы пікір-сайыспен айналысуға деген қызығушылықтарын арттырып, ой-өрістерінің дамуына ықпалын тигізеді.

Турнирдің басты мақсаты – Қазақстандық қауымда орын алатын өзекті мәселелерді қоғамдық талдау және талқылау арқылы облыс шәкірттерінің әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттырып, нақты мәселелерді шешу жолдары мен механизмдерін қарастыру.

Пікір-сайыс додасына облысымыздың Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды,  Бурабай, Біржан сал, Жақсы, Жарқайың, Зеренді, Қорғалжын, Сандықтау, Целиноград,  Шортанды аудандарынан және Степногорск, Көкшетау қалаларынан барлығы 30 топты құрайтын (қазақ тілінде 17 топ, орыс тілінде 13 топ) жалпы саны 100-ге тарта пікір-сайысшылар қатысты.  Қатысушылар латын әліпбиіне көшу; агроөнеркәсіп кешенін

қарқынды дамыту; мектеп оқушыларының жүктемесін азайтудың жолдары; мектепте үш тілде білім беру;  мектеп оқушыларының бойына ұлттық кодты сіңірудің тиімді жолдарын ұсынып, өз ойларын жеткізді. 

Ақтық ойын және салтанатты жабылу рәсімі 4 сәуір күні сағат 12.00-де Көкшетау қаласы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған мамандандырылған №3 облыстық мектеп-интернатының мәжіліс залында өтті.

Барлық сыннан сүрінбей өтіп, ақтық мәре, финалға ең үздік деген 4 команда өз бақтарын сынады. Нәтижесінде қазақ лигасында жүлделі:

I орынға ие болған – Көкшетау қаласының «Эрудит» командасы, құрамында Қайырбеков Диас, Тасболатова Аяжан.

II орынды Қорғалжын ауданынан келген «Құмсағат»  командасы иеленді, құрамында Даулет Ажар, Жумабаева Айдана.

III орын Зеренді ауданының «ЕрЖан» командасына бұйырды, құрамында Сұлтаншәріпұлы Жансерік, Сайлаухан Ережеп.

III орынды Бурабай ауданынан келген «Ақиқат» командасы жеңіп алды, құрамында Амангелді Нұрғайша, Темирбекова Акнур ие болды.

«Үздік спикер» атағын Қайырбеков Диас жеңіп алды.

Орыс лигасында жүлделі:

I орынға ие болған – Бурабай ауданының «Порыв» командасы, құрамында Кабакова Валерия, Водзинская Дарья.

II орынды Көкшетау қаласының «Даэдра» командасы иеленді, Бабас Ақниет, Муктар Жазира.

III орын дипломымен Көкшетау қаласының «Radioactive» командасы марапатталды Габовда Дмитрий, Аубакирова Томирис.

«Үздік спикер» атағын Габовда Дмитрий иеленді.

Кіші III орынға ие болған – Біржан сал ауданының «Динамит» командасы, құрамында Щитиков Игорь, Бергер Ирина.

Турнирге төрешілік ету үшін «Ақмола облысының пікір-сайысшылар ассоциациясы» шақырылды. «Үздік төреші» номинацияларымен турнирдің өткізілу барысында өзін кәсіби пікір-сайысшы ретінде көрсете біліп, формат бойынша түсіндіру жүргізген Кеңес Алдияр (қазақ лигасында) және Ауталипова Динара (орыс лигасында) марапатталды.

         Жеңімпаздар мен қатысушылар диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бас жүлде (қазақ және орыс лигалары) – турнир кубогы.

Просмотров: 411


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст